- Басты
- Жаңалықтар
- Күн технологиялар елі ЭКСПО-да өз павильонын ашты (ВИДЕО)
Күн технологиялар елі ЭКСПО-да өз павильонын ашты (ВИДЕО)
Израиль павильоны қонақтарының назарына ең алдымен 12 метрге созылған бас фасадта тұрған жарықдиодты LED-экран түсті.
Израильдің технологиялық мүмкіндіктері барша әлемде ең инновациялық әрі алдыңғы қатарлы болып есептеледі. Жоғары технологиялық гүлденген қауымдастық пен қуатты академиялық орта нәтижесінде Израиль инновациялар мен технологиялық жетістіктер саласында әлемдік көшбасшы болып табылады.
Бұл мінездемені растайтын сектордың бірі энергияның баламалы көздері болып табылады. Израиль 70-ші жылдардың өзінде күн технологиясын енгізген алғашқы елдердің бірі болатын. Бүгінде олар электрлі автокөліктерді шығару мен өзге облыстарда көш бастып тұр.
Израиль инновациялық технологиялар саласындағы көшбасшы ретінде ЭКСПО-2017 көрмесінде өзінің баламалы энергия көздері саласындағы жетістігін таныстырады. Бүгін Израильде 200 жоғары технологиялық компания бар, олар энергетика саласында бірегей шешімдерді қабылдап, жасыл энергетика саласындағы күн, жел және биомасса әзірлеп отыр.
Израильдің энергетикалық нарығындағы технологиялар тізіміне Solar Thermal, турбина – жел энергиясынан электр қуатын алу, фотогальваника – Фотоэлектрі (PV) – бұл тұрақты тоқ арқылы электр энергиясының генерациялану жолымен электр қуатын алу, ол фотовольттік әсер береді.
ЭКСПО-дағы бұл елдің павильонына қайта орала отырып, айта кетерлігі ол 100 адамды қабылдай алады. Келген қонақтарға «Энергия елі» және «Жасымпаздық энергиясы» шоуы көрсетіледі. ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильон тақырыбы бекер таңдалған жоқ, ол баламалы энергетика саласындағы әзірлемелер мен жетістіктерді таныстырады.
«Израиль тек табиғи ресурстарға ғана емес, энергия көздеріне де бай. Бұл бірінші кезекте, адами ресурс, оған Израиль айтарлықтай инвестиция құйып отыр. Барлық жетістіктер Израиль халқының жасампаздығы мен шығармашылығының нәтижесінде болып отыр. Біз Израильдің болашағын жасампаздық энергиясымен байланыстырамыз. Осы орайда өзге елдермен тәжірибе алмасуға дайынбыз», - деді ЭКСПО-2017-дегі Израиль Комиссары Элазар Коэн.
Қайрат Жандыбаев
Видео: Арман Мұхатов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді