- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе миллионға жуық халқы бар қалаға айналмақ
Ақтөбе миллионға жуық халқы бар қалаға айналмақ
Ақтөбе ел агломерациясының ірі орталықтарының бірі ретінде айқындалғанын атап өту керек. Агломерация аймағына Алға, Қобда, Мұғалжар, Хромтау аудандарының 70 елді мекені, соның ішінде Алға, Қандыағаш қалашықтары мен Хромтау моноқалашығы кіреді.
«2013 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша Ақтөбе Астана, Алматы және Шымкент қалаларымен қатар заманауи агломерация орталықтарына және миллионға жуық тұрғындары бар қалаларға айналатынын қалалардың қатарына енген. Ол Батыс Қазақстанның орталығына айналуы тиіс. Бізге аудандарды, Алға, Хромтау сияқты спутник-қалаларды дамыту бойынша жұмысты күшейту қажет. Ол үшін барлық мүмкіндіктер бар», - деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Өңірде агломерация аймағында халық тығыздығы мен санын ұлғайту, елді мекендердің инфрақұрылымдық дамуын жақсарту, жолдарды жөндеу, газдандыру және сумен жабдықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Болжамдарға сәйкес, 2020 жылға дейін жыл сайын басым агломерациялық жолдарды жөндеуге 5 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінеді. Қазіргі уақытта агломерация тұрғындарын орталықтандырылған газдандырумен және сумен жабдықтаумен қамту 96,1%-ды құрайды. Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету үшін 2017 жылы 575,3 мың шаршы метр пайдалануға енгізу және 13 613 жер учаскесін бөлу жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, Алға ауданының Маржанбұлақ ауылдық округінде құны 33,8 млрд теңге болатын «Болашақтың ауылы» атты ірі жобаны іске асыру жоспарлануда.
Бұдан бөлек, Ақтөбе агломерациясын нүктелі дамыту мақсатында 10 негізгі бағыт айқындалған, олардың шеңберінде Ақтөбе еліміздің көлік-логистикалық, медициналық қызметтер орталықтарының бірі ретінде дамитын болады. Индустриялық-инновациялық бағытқа, құрылыс, экономика және ауыл шаруашылығы салаларына ерекше көңіл бөлінетін болады. 2020 жылға дейін балабақшаға кезек күту және оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін кемінде 190 балабақша пайдалануға беріліп, 26 жаңа мектеп салынады деп күтілуде.
«Әрбір 10 бағыттың әрқайсысы бойынша жұмыс тобы құрылуы тиіс. Агломерация аймағына кіретін елді мекендермен жұмыс жасау қажет. Әрқайсысында өз даму бағдарламасы болуы тиіс», деді жиын соңында Б.Сапарбаев.
Отырыс қорытындылары бойынша облыс әкімі басқармалардың басшыларына халықтың демалуына арналған орындарды көбейтумен байланысты мәселелерді шешуді, ғимараттар мен тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру жұмысын күшейтуді, барлық елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыруды тапсырды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары