- Басты
- Жаңалықтар
- Медициналық пойыздарда 100 мыңнан астам диагностикалық дәрігерлік көмек көрсетілді
Медициналық пойыздарда 100 мыңнан астам диагностикалық дәрігерлік көмек көрсетілді
Медициналық пойыздар екі айда 60 теміржол станциясын қамтыды.
Күні бүгін «Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері Шығыс-Қазақстан облысының Бұқтырма станциясында, «Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері Атырау облысының Сағыз станциясында тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Осы екі айда 100 мыңнан астам жергілікті тұрғындар пойыздағы дәрігерлердің қызметіне жүгінген. 100 мыңның үстінде диагностикалық дәрігерлік қабылдау жүргізілсе, 400 амбулаториялық ота жасалды. 800 ден астам әйел маммологқа қаралды. Өңірлердің 5 мыңнан астам тұрғындары тіс дәрігерлерінің қабылдауында болды.
Атап өтерлігі, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 11 сәуірде Қарағанды станциясынан сапарға шықты. Жылжымалы құрам Қазақстанның орталық, солтүстік, шығыс өңірін биылғы қарашаның 6-на дейін қамтитын болады.
Сәуірдің 18-інде Алматы-1 станциясынан «Денсаулық» медициналық пойызы Қазақстанның оңтүстік, батыс өңірлеріне аттанып кетті. Медициналық пойыз бұл өңірлерді желтоқсанның 20-сына дейін араламақ.
Медициналық пойыздарды жасақтау жобасын «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық министрлігі, ҚР ІІМ жергілікті басқарамалардың қолдауымен жүзеге асырып отыр.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда