- Басты
- Жаңалықтар
- Таразда «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына арналған кітап жарық көрді
Таразда «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына арналған кітап жарық көрді
Кітапта түркілік дәуірден қалыптасып, бүгінде елімізді мекендеген барлық ұлт пен ұлыстарды ұйыстырып отырған «Мәңгілік ел» идеясының түп төркіні толыққанды баяндалып, оның мәні мен маңызы, мақсаты мен мүддесі төңірегінде орамды ойлар айтылған. Сонымен қатар, ғылыми-теориялық негіздері сараланып, түйін-тұжырымдар жасалған. Кітап авторлары – тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынай Әбдіқадырова және ғылым магистрі Еділбек Әбдімомынов.
ЖОО-да түсіндіріп өткендей, оқу құралы 3 бөлімнен тұрады. Онда «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздерін анықтаудағы ғылыми ізденістер, Алаш қайраткерлері мұраларындағы тұжырымдамалық тенденциясының «Мәңгілік ел» мұратымен рухани үндестігі жан-жақты қамтылған. Сондай-ақ, белгілі ғалымдардың ұлттық құндылықтар жайындағы іргелі зерттеу еңбектері де топтастырылған.
"Мақсатымыз – студенттерге «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының дүниеге келуін, оның тарихи маңызын жете ұғындыру арқылы олардың азаматтық позициясын қалыптастыру. Бұл өз кезегінде жастардың ұлттық сана-сезімі мен патриотизмін дамытуға, олардың тарихи және әлеуметтік жадысын шыңдауға сеп болмақ. Бүгінде ұстаз қауымының алдына шәкірттерге «Мәңгілік ел» ұғымын eлімізді мекендейтін барлық халықтар қacтeрлeйтін жeтeкші идeя рeтіндe түсіндіріп, оның ғылыми нeгіздeмecін жacaп арнайы оқыту міндеті қойылды. Дәл оcы көзқaрac тұрғыcынaн қaрaғaндa eліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастарға өз мамандығына сай білім беріп қана қоймай, олардың ұлттық caнa-ceзімін қaлыптacтыратын арнайы оқу құралдары мен танымдық дүниелер шығару қажеттілігі туындап отыр", – деп атап өтті кітап авторлары.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында педагогикалық институттың оқу үдерісіне «Мәңгілік ел және ұлттық идея» элективті пәні енгізілген болатын. Ал аталған оқу құралы ХХІ ғacырдaғы aдaмзaт дaмуының нeгізгі қозғaушы күші болатын білімді, caуaтты тұлғaлaрды дaярлaу мақсатында шығарылған.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды