- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Татарстан Президентімен кездесті
Елбасы Татарстан Президентімен кездесті
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов Астана мен Қазан арасындағы мәдени және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы Р.Миннихановты Ресей күнімен құттықтап, екі ел арасында қалыптасқан достық қатынастар туралы айтты.
«Ресеймен де, Татарстанмен де арамызда достық қарым-қатынас орныққан. Қазақтар мен татарлар тарихы, мәдениеті, тілі мен әдет-ғұрпы жағынан бір-біріне өте жақын. Экономикалық байланыстарымыз да жақсы. «KAMAZ» кәсіпорнымен жұмыс жүргізіп келеміз, Алматыдағы тікұшақ зауытына қатысты жобаны іске асырудамыз. Осы және басқа да экономикалық байланыстарды, соның ішінде мұнай химиясына қатысты байланысты жалғастыра беру керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Татарстан Президенті Қазақстанға келген миссиясы туралы айтып, елордамыздың жаңа архитектуралық нысандарын және «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенін аралап көргеннен кейінгі әсері жөнінде ой бөлісті.
« Бүгін ЭКСПО-дағы экспозициямызды аштық. Сонымен қатар, Қазақстандағы серіктестерімізбен бірге болашақ жоспарларымызды талқыладық. Көрме кешені мені қайран қалдырды. Сізді көрменің ашылуымен құттықтаймыз. Сондай-ақ, қала көшесіне Сүйімбикенің аты берілуіне орай ризашылығымды білдіремін», – деді Р.Минниханов.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолын салу аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және Қазақстан мен Татарстанның көліктік-транзиттік әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында Р.Минниханов Қазақстан Президентін «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттап, Мемлекет басшысын Татарстанға келуге шақырды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай жеделхаттар келіп түсуде