- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Еуропа мен Азияда жетекші держава болуына мүмкіндік бар - Константин Шамбер
Қазақстанның Еуропа мен Азияда жетекші держава болуына мүмкіндік бар - Константин Шамбер
Константин Шамбер Қазақстанда туған этникалық неміс. Қазіргі таңда Германияда тұрып жатыр, алайда тарихи Отанына жиі келіп тұрады. Журналистермен ол бүгінгі форум туралы өз әсерімен бөлісті.
«Бүгін әртүрлі этникалық мәдени енгізулер болды, Қазақстан алдымен қандай ұстанымда болды, соны әлі күнге дейін дамытып жатыр, барлығы мәдениаралық және ұлтаралық тұрғыда бет алған. Мен Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу үшін келдім. Мен Қазақстанда туған этникалық неміс болып саналамын. Көп жылдар бұрын Германияға оралып, сапалы білім алдым. Енді Алматы мен Астанада студенттерге тәжірибе беру үшін қайта оралдым. Мені Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шақыртты», - деді К.Шамбер.
Спикер айтып өткендей, Қазақстан бүгінде мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту бастамасын қолдап отыр.
«Біз бүгін жаһандық әлемде өмір сүріп жатырмыз. Ешбір ел өзін қоршаған коммуникациядан ажырай алмайды. Қазақстан осы орайда бірегей ел, ол тек Еуропа мен Азия арасында орналасып қана қоймай, осы өңірде үздік держава атануға мүмкіндік алып отыр. Бүгін Үкімет қолданып отырған бастамалар шетелдік мамандарды тартуға ғана емес, осында дүниеге келіп шетелге көшіп кеткендерді де тартып жатыр», - деді ол.
Біздің елде Стратегиялық мәдениетаралық коммуникациялар орталығының директоры бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді: бірінші кезекте ол – академиялық тәжірибе. БҰҰ-мен бірігіп жасыл экономика саласында жаңа жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Біз жүзеге асырғалы отырған жоба – тұрақты даму саласында. Бүгін Қазақстанның болашақта жасыл экономика бойынша үздік елдердің бірі болуға мүмкіндігі бар. Қазақстандағы экологиялық дамуға аса көңіл бөлініп отыр», - деді ол.
Айта кетейік, елордада ҚХА-ның «Бейбітшілік және келісім энергиясы» форумы өз жұмысын бастады.
Ақбота Күзекбай
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды