• Басты
  • Николай Рерих музейінің жауһарлары алғаш рет Астанада

Николай Рерих музейінің жауһарлары алғаш рет Астанада

12 Маусым, 2017 19:06
Николай Рерихқа арналған Құрама Штаттардағы жалғыз мұражай алғаш рет Қазақстанда өз коллекциясынан алынған аты аңызға айналған суретші, философ, саяхатшы, археологтың жұмыстарын ұсынады, деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық коммуникация қызметіндегі баспасөз конференциясында

«Шамбаланы іздеу жолында: Николай Рерихтің Нью-Йорктегі музейінен алынған жауһарлар» көрмесі, шебердің шығармашылық ауқымын көрсетіп, суретшінің жасөспірімдік шағында, сондай-ақ, 1920-40 жылдары жарыққа шыққан 37 жұмысын қамтиды. Н. Рерих көп саяхаттаған, Орталық Азия экспедициясының бағытымен Қытай Түркістанында, Моңғолияда, Үнді, Тибет және Алтайда мыңдаған жұмыстар жазған. 1926 жылдың көктемінде Рерихтардың экспедициясы Шығыс Қазақстандағы Зайсан көлінің маңында болды. Ары қарай экспедиция кемемен Өскемен, Семей, Павлодар және Омбыны басып өтті.

«Н. Рерих мәдени құндылықтарды таратуда керуен жолдарының маңыздылығын терең түсінді. Керуен жолдарының ең танымал тарамдалған желісі – Қытай мен ортағасырлық Еуропа мемлекеттерін Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстан кеңістіктері арқылы байланыстырған Ұлы Жібек жолы еді. Ұлы Жібек жолының айтарлықтай бөлігін жүріп өткен Рерихтар отбасының зерттеулері бітімгерлік-мәдени идеялармен алмасу үшін өте құнды», -деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, көрме Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Миссиясының  және Қазақстан мен АҚШ Елшіліктерінің ресми қолдауымен өткізіледі.

Қазақстан жағы логистикалық және сақтандыру шығындарын, ал көрмені ұйымдастыруға байланысты басқа шығындарды американдық «Son Mar Group» компаниясы мен АҚШ-тың жеке қорлары өтейді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы атап өткендей, Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі – жылдың басты маңызды оқиғасы. Астанадағы ғаламат іс-шара ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ, Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, есте қалатын мәдени шараларымен де ерекшеленбек.

«Шамбаланы іздеу жолында: Николай Рерихтің Нью-Йорктегі музейінен алынған жауһарлар» экспозициясы халықаралық көрменің мәдени бағдарламасында ерекше орын алады. Суретші Николай Рерихтің шығармашылығына арналған Америка Құрама  Штаттарындағы жалғыз музей Қазақстанда алғаш рет аты аңызға айналған философ, саяхатшы, археолог және қоғам қайраткерінің 37 жұмысын ұсынады»  - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы

Сондай-ақ, Қазақстанда алғаш рет «АҚШ-тың жеке коллекцияларынан алынған орыс өнерінің жауһарлары» атты сирек көрсетілетін көрме астанамыздың қонақтарына ұсынылады. Оның құрамына 35 туынды кіреді.

Барлық жаңалықтар