- Басты
- Жаңалықтар
- Палата отырысында 2016 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп қаралды
Палата отырысында 2016 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп қаралды
Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, Сенаттың жұмыс топтары мен комитеттерінде бюджеттің атқарылу қорытындылары жан-жақты талқыланды. Сенаторлар негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджет үдерістерін жетілдіруге қатысты сауалдар қойып, ұсыныстарын айтты.
Министрліктің мәліметтерінше, 2016 жылы бюджет түсімдері 100,2 пайызға орындалып, 7 триллион 760 миллиард теңгені құрады, шығыстар 8 триллион 501 миллиард теңге, немесе 98 пайызға шықты. Бюджет тапшылығы 741 миллиард теңгені құрады немесе Ішкі жалпы өнімнің 1,6 пайызы болды.
Республикалық есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Үкіметтің есебі туралы мекеменің қорытындысымен таныстырды. Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов 2016 жылғы ақша-несие саясатын іске асыру қорытындылары туралы депутаттарды хабардар етті.
Сенаторлар Рашит Ахметов, Сергей Ершов, Ерболат Мұқаев, Қайрат Ищанов, Серік Жақсыбеков, Бекмырза Еламанов талқылауға қатысты. Депутаттардың сауалдарына қаржы министрі Бақыт Сұлтанов және министрліктер мен мекемелердің басқа да өкілдері жауап берді.
Пікірталас қорытындысы бойынша Үкіметтің және Республикалық есеп комитетінің 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептерін Палата отырысында қарау туралы шешім қабылданды.
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады