- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО: Астанада тегін жаяу жүргіншілер экскурсиясы жұмысын бастады
ЭКСПО: Астанада тегін жаяу жүргіншілер экскурсиясы жұмысын бастады
«Біз Астанада жаяу аудиогидті іске қостық. 2017 жылы бізде осындай 2 жаяу аудиогид болады. Бұл «Нұржол» гүлзарында, барлық саябақ аумағын қамтитын Есіл өзенінің жағалауында», - дейді «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков.
Аудиогидтер көмегімен туристер мен қонақтар қаланың негізгі айшықты жерлері туралы барлық ақпаратты ала алады. Бұл қызметті пайдалану үшін «Хан шатыр» СОСО жанында, «Бәйтерек» монументі алдында және Есіл өзенінің жағасында орнатылған арнайы шатыршаларға бару керек. Аудиогид пен жол көрсетуші картаны алып, 5 мың теңге кепілдеме қалдырасыз. Бағыт аяқталған соң құрылғыларды табыстап, кепілге қалдырған турист ақшасы қайтарылады.
Адамбеков атап өткендей, елорданың айшықты жерлері туралы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын, қытай және өзге де тілдерде болады.
Биыл жаяу жүргіншілер гидін Easy Travel желісі арқылы пайдалануға мүмкіндік жасалды. Басты айырмашылығы – мұндай жағдайда аудиогид үшін кепілдікке құрылғы алудың қажеттілігі болмайды. Кез келген адам мобильдік құрылғы арқылы Easy Travel порталына кіріп, сол жерде Астананың көрікті жерлері туралы барлық қажетті ақпаратты тыңдай алады.
«Осы жылы жаяу аудиогидті халықаралық Easy Travel желісімен дамыттық. Онда барлық әлемдік жаяу аудиогидтер жүктелген. Жақында онда Астана да пайда болды. Яғни адам бізден аудиогидті алмай-ақ, сонда кіріп, тыңдай алады. Демек, жобаның екінші кезеңін жүзеге асырғанда біз қалауы бойынша аудиогид бермейміз», - деп түсіндірді «Астана Конвенш Бюро» басшысының орынбасары.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Қазақстан мектептері аралас форматта оқуды бастады -
Елордада мұғалімдер мен полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина ала бастады -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады