Ж.Қасымбек ТҰҚЖБ-ның алғашқы жарнасының төмендегені туралы хабарлады

12 Маусым, 2017 15:37
Инвестициялар мен даму министрі Жеңіс Қасымбек халықпен есепті кездесуінде пәтер сатып алуға немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін алғашқы жарна көлемін 30-дан 15%-ға дейін төмендету жоспарланып жатыр ма, сол туралы айтып берді.

«Бұған дейін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде ең төменгі алғашқы жарна көлемі 50 пайызды құраған болатын. Бұл соманы «Бәйтерек» холдингісі мен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкісімен» талқылау барысында жеңілдетілген несие алу үшін ол 30 пайызға дейін төмендетілді. 15 пайыз жасауға болады, алайда осы ретте ай сайынғы төлем айтарлықтай өсетінін ескеру керек», - деді министр.

Ж. Қасымбектің айтуынша, 30% көлеміндегі жарна айтарлықтай дұрыс сан және ол жалақыны теңдей бөлуге, осылайша ипотека төлеушілер үшін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.  

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар