- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында ауылдық ауруханалар қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталуда
Қарағанды облысында ауылдық ауруханалар қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталуда
Бейінді клиникалар жанынан ахуалды орталықтар желісі дамытылып жатыр. Осындай қызмет кардиохирургиялық орталығында жұмыс істей бастады. 1 қыркүйекке қарсы онкологиялық және туберкулез диспенсерлерінде осы секілді орталықтар ашу жоспарда тұр. Жобаның негізгі мақсаты – науқастардың жағдайын ауруханадан шыққан соң қадағалау және қажетті кеңестер беріп, көмек көрсету болып табылады.
Ағымдағы жылы күзде Қарағандыда балалар нейро оңалту орталығы ашылады. Ақпараттық жүйелердің дамуы арқасында шалғай аудандардағы науқас балалар қашықтықтан жоғары білікті мамандардың кеңесін ала алады.
«2017 жылы облыстық денсаулық сақтау саласына міндеттерді орындауға 66,3 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда ол 19%-ға көбірек. Бүгінгі күні облысымыздың 22 медициналық ұйымдарында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл бағытқа 2 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған», - деді ол.
Аймағымыздағы денсаулық сақтау саласын дамыту инвесторлардың көмегімен де, мемлекеттік жеке меншік серіктестік бағыты бойынша жүзеге асырылып жатыр.
«Биыл Қарағандыда «Луч» нейро оңалту орталығы ашылды. Онда науқастар инсульт, ми инфаркті және тағы да басқа жүйке дерттерінен соң ем алады. Көбісі бұл қызмет түрлерін тегін, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алады. Бұл бірегей жоба, біздің алғашқы тәжірибеміз. Ал күзде, шамамен қараша айына қарай Қарағанды балалар ауруханасы негізінде балалар нейро оңалту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін бос тұрған 1000 шаршы метр аумағы бар ғимаратты жеке меншік компанияға сенімділік басқаруына бердік», - деді Ержан Нұрлыбаев.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек