- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1100 стипендия бөлінеді
2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1100 стипендия бөлінеді
« Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Комиссияның 2013 жылғы жұмысының жалпы қорытындыларына тоқталып, оның «Қазақстан 2050» стратегиясында белгіленген міндеттерді табысты іске асыруға қажетті мамандарды іріктеу мен даярлауға бағытталғанын атап өтті», - делінген хабарламада.
Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын алдын-ала конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге беру жөніндегі мәселені қарады.
Отырыста Комиссия 2014 жылы басшылыққа алатын Басымдығы бар мамандықтар тізбесі бекітілді, сондай-ақ келесі жылы бөлінетін стипендиялардың жалпы саны 1100 болып белгіленді. 2014 жылғы басым мамандықтар тізбесі академиялық білім беруге арналған 99 мамандықты қамтиды. Оның ішінде 35 медициналық, 35 техникалық, 29 гуманитарлық мамандықтар. Бұған қоса Тізбеге ғылыми-педагогикалық, инженерлік-техникалық және медицина мамандарының тағылымдамадан өтуіне арналған 178 мамандық енеді.
Сонымен бірге, стипендиядан айыру және Комиссияға келіп түскен өтініштерді қарауға қатысты мәселелер талқыланды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр