Астанада квазимемлекеттік секторды сатып алу әдістері талқыланды

12 Маусым, 2017 16:05
ҚР Қаржы министрлігі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуын заңнамалық реттейтін құжат әзірледі. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

Квазисектордың сатып алу бойынша төрт негізгі мәселені бекітуді ұсынылады: бірінші, барлық квазисектор субъектілері үшін бірыңғай әдіснаманы енгізу; екінші, квазисектордың сатып алу заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылау бекіту; үшінші, квазисектордың сатып алу заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу; төртінші, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар субъектілері шеңберін оларға квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін жатқызу жолымен ұлғайту.

Дөнгелек үстел жұмысында Парламент депутаттары, «Атамекен» ҰКП, ұлттық холдингтердің, мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлтаралық сарапшылар қатысты.

Тараптар ұсынылған құжат бойынша өздерінің ескертулерін жасады, сондай-ақ жалпы квазисектордың сатып алу саласындағы жағдайды талқылады.

Мемлекет Басшының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқының жолдауында квазимемлекеттік секторда (ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық компанияларда) сатып алу тәсілдерін қайта қарау тапсырылған. Қазіргі кезде аталған салада «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-да ішкі корпоративтік құжаттарымен, қалған холдингтер мен ұлттық компанияларда Үкіметтің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысымен реттеледі.

Барлық жаңалықтар