- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО көрмесіндегі швейцариялық павильонда «Гүлдер энергиясы» ұсынылған
ЭКСПО көрмесіндегі швейцариялық павильонда «Гүлдер энергиясы» ұсынылған
«Болашақ жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Швейцария қарапайым энергия көздерінен жаңартылатын энергия көздеріне көшуге ниетті екенін мәлімдеді. «Гүлдер энергиясы» атты тақырып табиғи ресурстардан алынған энергияны және жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін білдіреді. Табиғи ресурстар пайдаланылып, әлемнің ертеңгі күнгі энергиясын да толық әзірлеуі тиіс», - деді елші – Швейцарияның СІМ жанындағы «Presence Switzerland» агенттігінің директоры Николя Бидо.
Төрт тақырыптық үй: Күн энергиясы үйі, Картоп энергиясы үйі, су энергиясы және Швейцариялық инновациялар үйі швейцариялық павильонның орталығы болып табылады. Тау лашығы түріндегі күн энергиясы үйінде келушілер жаңашылдық рухын және Швейцарияның энергетика мен құрылыс технологиялары саласындағы жаңашылдығын сезінеді. Горнер мұздығындағы осы Монте-Роза лашығы күннің энергия көзі ретіндегі үлкен әлеуетін көрсетеді.
Екінші үйде rösti көрсетілімі өтеді, мұнда келушілерге олардың энергияны күнделікті тұтынуы қоршаған ортаға қалай әсер ететіні және олар энергияны тиімді әрі үнемді пайдалану үшін не жасай алатыны ойын түрінде көрсетіледі.
Швейцариялық даму және ынтымақтастық агенттігімен (SDC) бірлесіп құрылған үшінші үйде табиғи ресурс және энергия көзі ретінде суға баса назар аударылады. Фильмде әлемдегі ең өзекті проблемалар және су ресурстарын жаһандық басқарудағы халықаралық ынтымақтастық қажеттігі зерттеледі.
Төртінші үйде келушілер SolarStratos арқылы швейцариялық инновациялар мен техникалық мүмкіндіктер туралы біле алады.
Сондай-ақ, Швейцария павильонында Лозаннадағы Федералды технологиялық институт (EPFL) әзірлеген ойын ұсынылады, мұндағы кейіпкерлер келушілерді өздерінің энергияны тұтынуы және оны оңтайландыруға тырысуы жайында ойлантады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары -
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері -
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр -
Қазақстан экспортқа қандай өнімді көбірек шығарады