- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Алматы арқылы ұшатын транзиттік авиажолаушылар саны 20 есеге көбейген
Астана мен Алматы арқылы ұшатын транзиттік авиажолаушылар саны 20 есеге көбейген
«2017 жылы олардың саны 600 мыңға жетеді деп жоспарланған. Негізгі жолаушылар легін Азиядан Қазақстан арқылы Еуропаға және кері бағытта қатынайтындар құрайды», - деді Ж.Қасымбек.
Министр айтып өткендей, халықаралық авиация ұйымы аудитінің ескертулерін жою бойынша жұмыстар атқарылды.
« 2009 жылғы ұшылардың қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету бойынша Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудитінің ескертулерін жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл Азаматтық авиация комитеті еуропалық талаптарды жоспарлы түрде енгізу және азаматтық авиация саласын реттеудің британдық үлгісін басшылыққа алуды көздеп отыр», - деді Ж.Қасымбек.
2016 жылы Петропавл әуежайының аэровокзалы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту аяқталып, Семей әуежайының терминалы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.
«Сонымен бірге, Ұлт жоспары аясында Алматыда жаңа әуежай салу және әлеуетті инвестор тарту арқылы халықаралық авиация хабын құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру мәселесі пысықталуда», - деді министр.
Министр айтып өткендей, 2016 жылы 13 халықаралық бағыт ашылды: Алматыдан Сиань, Шарм-Эль-Шейх (маусымдық), Тегеран мен Самаруға, Астанадан Амстердамға, Ақтаудан Батумиге (маусымдық) және Сочиге (маусымдық), Шымкенттен Ыстамбұл мен Худжандқа, Қарағандыдан Ыстамбұлға, Тараздан Нижневартовскі, Сургут және Худжандқа.
«2020 жылға дейін Астанадан Токиоға, Сингапурға, Шанхайға(2019 ж.), Нью-Йоркке (2020 ж.) тікелей әуе байланысын ашу жоспарланып отыр», - деді Ж.Қасымбек.
Айта кетейік, министр ЭКСПО кезінде қанша автобус істейтіні туралы айтып өткен болатын.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері