- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО кезінде қанша пойыз бен автобус қызмет көрсетеді
ЭКСПО кезінде қанша пойыз бен автобус қызмет көрсетеді
Инвестициялар және даму министрі хабарлағандай, Қазақстанның барлық өңірлерінен Астанаға келетін адам саны 1,8 млн адамды құрайды.
«Олардың басым бөлігі пойызбен келеді. Осы орайда, біз пойыздардың бағытын екі есеге арттырдық. Егер қыста 27 пойыз жүрсе, бүгін 54 пойыз жұмыс істейді. Мәселен, Шымкентке 2 пойыз жүреді. 54 пойыздың тең жартысы Астананың жаңа вокзалы арқылы өтеді. Ал ескі вокзалдан пойыздар Көкшетау және Петропавл қалаларына қарай бағыт алады», - деді министр.
Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек айтып өткендей, Астанаға келетін автобустар саны да артты.
«Егер осыған дейін 60 автобус жұмыс істесе, қазір олардың саны екі есеге артты. Бүгінде өңірлерден елордаға келетін автобустар саны жетерлік. Астанада 3 автобус станциясы бар. Демек, «Сапаржайдан» басқа тағы екі автостанция ашылды», - деді ол.
Министр айтып өткендей, автобус станциялары «Шанхай» нарығының жанында және қарағандылық жол бойындағы «Кең дала» гипермаркеті жанында бар.
Айта кетейік, есептік кездесу барысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өңдеу экспорты көлемінің азаю себебін анықтап, биыл оны арттыруға сөз берді.
Ақбота Күзекбай
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары