- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Қасымбек: 2017 жыл өңделген экспорт өсімін қалпына келтіру жылына айналмақ
Ж.Қасымбек: 2017 жыл өңделген экспорт өсімін қалпына келтіру жылына айналмақ
Осы ретте, министр экспорт көлемінің неліктен төмендегенін түсіндіріп өтті.
«Химия, минералды өнімдер сияқты бірқатар салаларда орын алған төмендеу әлемдік бағалардың төмендеуіне байланысты болды. Мысалы, біз өткен жылы мысты 2015 жылмен салыстырғанда 48 мың тоннаға артық экспорттаған болатынбыз. Бұл 13%-ға артық, алайда, ақшалай көріністе экспорттық түсім 95 млрд долларға төмендеген. Алюминий экспорты 15 мың тоннаға өскен, алайда, мұнда да төмендеу байқалады. Экспорт көлемі өсіп келе жатса да, өткен жылы теріс баға көрінісі байқалған», - деп түсіндірді Ж. Қасымбек.
Ведомство басшысының айтуынша, осы себептен Ресей, Қытай, Иран, Түркия мен Еуропа елдерінің нарықтарына шығу бойынша келісушіліктерді іске асыру жұмысы күшейтілген.
«Нәтижесінде, электр техникасы, дайын металл бұйымдар сияқты дайын өнім экспорты ұлғайтылады. Мысалы, дайын металл бұйымдар көлемі - 26%-ға, электр техникасы көлемі 12%-ға өскен. Осы жұмысты күшейту үшін биыл ҚР Үкіметінің жанынан Экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құрылған. Сондай-ақ, «ҚазЭкспортГарант» базасында «KazakhExport» мамандандырылған ұлттық компаниясы құрылды. Жалпы, 2017 жыл өңделген экспорт өсімін қалпына келтіру жылына айналады деп ойлаймыз», - деді министр.
Қазақстан 123 елге мыңнан астам тауар позициясын экспорттайтынын айта кету керек. 2016 жыл ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт 12,9 млрд долларды құраған.
Сондай-ақ, министрліктің маңызды міндеттерінің бірі – халықаралық стандарттарға сәйкес инвестициялық климатты жақсарту. Ж.Қасымбек атап өткендей, биылғы жылы ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның инвестициялық саясатының екінші шолуын аяқтаған.
«Екінші шолу ұсынымдары негізінде толықтыру, инвест-климатты жақсарту жөніндегі толық жоспар енгізу жоспарланып отыр. Бұл Қазақстанға ЭЫДҰ-ға мүше елдердің озық стандарттарын жүйелі түрде енгізуге және ірі инвесторларды тартуға мүмкіндік береді», - деді ведомство басшысы.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет