- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Әбдірахманов Министрлік конференция аясында бірқатар кездесулер өткізді
Қ.Әбдірахманов Министрлік конференция аясында бірқатар кездесулер өткізді
Қ. Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесу барысында ЕҚЫҰ күн тәртібі мәселелерінің кешені бойынша Қазақстан конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
СІМ хабарлағандай, сұхбаттастар еуропалық қауіпсіздік, ЕҚЫҰ жорық миссияларының жұмысы, экстремизм мен радикализацияланумен күресу, Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару туралы диалог мәселелері және ЕҚЫҰ-ның Ауғанстанмен өзара ықпалдасу перспективалары бойынша пікір алмасты. ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемін одан әрі күшейту маңызы аталып өтті.
Л. Заньер Қазақстанды Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін сәтті ұйымдастырумен құттықтады. 15-16 маусымда көрме шеңберінде 130-ден астам дипломатиялық және Ұйым мемлекеттерінің сарапшы орталарының өкілдерінің қатысуымен ЕҚЫҰ Экономикалық-экологиялық форумына екінші дайындық кездесуі өтеді.
Мажарстан ұлттық Экономика министрі Михай Варгамен кездесу барысында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен іскерлік кеңесінің әлеуетін тиімді пайдалану маңызы айтылды. Қазақ-мажар ауыл шаруашылық тікелей инвестициялар қорының елеулі әлеуеті бар.
М. Варга қазақ-мажар қатынастарының орнатылғанынан бері оларды дамытудағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін басып айтты. Мажарстан министрі жақында іске қосылған Астана-Будапешт тікелей әуе рейсі іскерлік және гуманитарлы байланыстардың одан сайын дамуына оң әсерін тигізетіндігіне сенімді.
Тараптар Қазақстан мен Мажарстанның «Бір белдеу, бір жол» жобасына қатысу перспективаларын талқылады. Мажарстандық саясаткер сонымен қатар Орталық Азия мен Вышеград тобы арасындағы диалогты орнату идеясын қарастыруды ұсынды.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда