- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Халықаралық «жасыл технологиялар» орталығы құрылады
Астанада Халықаралық «жасыл технологиялар» орталығы құрылады
Энергетика министрлігі хабарлағандай, министрлер декларациясында Қазақстанның ЭКСПО негізінде «Болашақ энергия» «жасыл» технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту бойынша Халықаралық «жасыл технологиялар» орталығын ашу туралы шешімі көрсетілген.
Министрлік декларациясының іске асырылу барысында ҚР Энергетика министрлігі БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп (ЭСКАТО, БҰҰ ЕЭК, ЮНИДО, ЮНЕП, БҰҰДБ және т.б.) «Болашақ энергия» «жасыл» технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту бойынша Халықаралық «жасыл технологиялар» орталығын ашу туралы Бірлескен мәлімдемені қабылдады.
Халықаралық жасыл технологиялар орталығын құру жөніндегі бастаманы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев білдірді.
«Халықаралық «Жасыл технологиялар» орталығы энергетикалық сектордың трансформациясы, «жасыл» бизнестің қағидаларын ұстану, жасыл технологиялар және озық тәжірибелерді трансферттеу және биімдеу, жасыл қаржыны дамыту міндеттерін шешуге бағытталған», - делінген хабарламада.
«Жасыл технологиялар» орталығының мақсаты – жасыл дамуды және жасыл көпірді қолдау арқылы жаһандық тұрақты дамуға үлесін қосу.
Халықаралық орталық қызметтің жеті негізгі бағытын қамтитын болады: энергетикалық секторды трансформациялау, қаланың тұрақты дамуы, «жасыл» бизнестің қағидаларын ұстану, жасыл технологиялар және озық тәжірибелерді трансферттеу және биімдеу, жасыл қаржыландыруды және жаңартылатын энергия көздерін дамыту, жасыл дамудың әлеуетін арттыру.
Орталықтың қызметі ең алдымен Орталық Азия (Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан), Иран, Ауғанстан, Моңғолия және Әзірбайжан елдерінде тоғыстырылады.
Сонымен қатар орталық ЭЫДҰ-ның, Еуропалық одақтың индустриялық дамыған елдерімен, АҚШ, Ресей Федерациясы, Қытай, Үндістан және Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастық орнатады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды