• Главная
  • ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасын нығайтады
12 июня, 2017 09:46

ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасын нығайтады

ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасын нығайтады, деді Халықаралық көрме бюросы Бас хатшысының орынбасары Димитрий Керкентзес көрменің медиа-орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында.
ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасын нығайтады

Керкентзес мырза ЭКСПО көрмелері жаһандық сын-тегеуріндер талқыланатын қуатты халықаралық тұғырнама екенін атап өтті. Мұндай ауқымдағы іс-шаралар мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтып қана қоймай, сонымен қатар, қандай да бір халықаралық проблеманың оңтайлы шешімін іздеу үшін әлем халықтарын жұмылдыруға да мүмкіндік береді.

«Бар әлем өз назарын Қазақстанға аударады, себебі республика көмірсутектің едәуір қорына ие екені құпия емес», - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, ол елорда тұрғындары мен қонақтарына өз есігін айқара ашқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмыстарының деңгейіне жоғары баға берді.

Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаментінің директоры Илья Уразаков баспасөз конференциясы аясында істен шығумен байланысты сәттер мен сұрақтар болмағанын хабарлады.

«Топ жұмыла жұмыс істеуде. Осы жұмысқа көп ай дайындалған қызметкерлер өздерінің міндеттеріне кірісіп кетті», - деді ол.

Цирк du Soleil гастрольдік шоуы, мамандандырылған Ұлттық күндер, «Болашақтың энергиясы» тақырыптық форумы, әлем жұлдыздарының концерттері сынды ірі жобалар әлі алда. ЭКСПО-2017 көрмесі 93 күн бойы келушілерге естен кетпес, әсерлі сәттер сыйламақ. Уразаковтың ойынша, ЭКСПО-2017 көрмесінің барлық павильондарын толық қарап-шығу үшін кем дегенде 2-3 күн қажет.