• Главная
  • Корея павильоны қонақтарды анимациялық қойылымдармен таң қалдырды (ВИДЕО)
11 июня, 2017 21:01

Корея павильоны қонақтарды анимациялық қойылымдармен таң қалдырды (ВИДЕО)

Астана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Оңтүстік Корея павильоны салтанатты түрде ашылды.
Корея павильоны қонақтарды анимациялық қойылымдармен таң қалдырды (ВИДЕО)

Павильон ашылуының ресми бөлігі өте үлкен әсер қалдырды. Қонақтарды анимациялық мультфильмдердің кейіпкерлері мен музыканттар қарсы алды. Ерекше әсерге бөлеген барабан мен домбыра үйлескен   музыкалық қойылым болды. Шоу-бағдарламаны тамашалауға  200 адам жиналды.

Корейдің  сауда және инвестицияны ілгерілендіру  бойынша агенттік  президенті (КОТРА)   директоры Ким Дже Хонг өз сөзінде Корея павильоны  болашақ энергиясы туралы бар әлеммен бөлісетін алаңға айналатындығын жеткізді.

«Корея павильонында орналасқан энергия дәнектері  Корея Республикасының  болашақтың энергиясымен Астанада ЭКСПО-2017 алаңында барша әлеммен бөлісуге үміт білдіргендей. Біз  Корея павильонының   әлем қатысушылары болашақтың энергиясымен таныса алатын алаңға айналғанын қалаймыз», - деді КОТРА президенті.

Шағын шоу-бағдарламадан кейін Корея мен Қазақстанның  жоғары тұлғалары бірлесіп таза энергияны көрсететін тетікті басты, кейін аспанға шарлар ұшырылды.

Оңтүстік Корея  павильонының аумағы – 1 804 шаршы метр. Бұл ЭКСПО көрмесіндегі ең үлкен павильонның қатарына еніп отыр.

Павильон тақырыбы – «Болашақ энергиясы. Ақылды өмір». Корея Республикасы Астанадағы ЭКСПО-көрмесіне  тек үздік жобаларын алып келген.

Кореяның павильонына келген қонақтар, алдымен, оңтүстіккореялық танымал суретші Ким Джонг Ги туындысымен танысты. Кейін көрермендерге ерекше анимациялық шоу ұсынылды.

Онда табиғатты құтқаруда жаңа баламалы қуат көздерінің маңызды екендігі көрсетіледі. Сахналанған көріністе Астан есімді жас жігіт Ара атты қыздың көмегімен жаңа энергияның қоршаған орта үшін өзекті екенін түсінеді. Бұл ерекше қойылым көрермендердің көңілінен шықты.

Сондай-ақ, кәрістер болашақта  пайда болатын, көмірсутек жанармайымен жүретін  Hyundai автокөлігінің моделімен таныстырды.

Екінші қабатта  679 шаршы метр алаңда «Корея толқыны»  кореялық мәдениет мен өнер алаңы бар. Павильонда мейрамхана мен тауарлар дүкені бар.

Қайрат Жандыбаев

Арман Мұхатов