• Басты
  • Астанада энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған халықаралық форум өз жұмысын бастады
11 Маусым, 2017 14:57

Астанада энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған халықаралық форум өз жұмысын бастады

Астанада ЭКСПО-2017 аясында тұрақты дамуға арналған энергетика бойынша сегізінші халықаралық форум жұмысын бастады.
Астанада энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған халықаралық форум өз жұмысын бастады

Халықаралық форумның басты тақырыптары – энергетикалық қауіпсіздік, сауда және инфрақұрылым, энергияның өзара байланысы, климат және азық-түлік, баламалы энергияны өңірлік контексте дамыту.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтып өткендей, Қазақстан ЖІӨ-нің энергиясыйымдылығын  2020 жылға қарай 25 пайызға, 2050 жылға қарай  50 пайызға төмендетуді жоспарлап отыр.

«Баламалы  энергияның үлесі елдің энергия балансында 2020 жылға қарай  3 пайызды, 2050 жылға қарай 50 пайызды құрайды. Біз  2030 жылға қарай күкірт қышқыл газы  мен азот оксидін  еуропалық деңгейге жеткізуді қарастырып отырмыз.Температураны 2 градус цельсия бойынша  жаһандық климаттық мақсатты шешу  үшін Қазақстан  2030 жылға дейін 15 пайыз шартсыз және 25  пайыз шартты парниктік газ қалдығын шектеуді жоспарлап отыр»,-  деді министр.

Өз кезегінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Шамшад Ахтар конференция барысында 2030 жылға дейін  тұрақты энергия саласында бірлескен қадамдар жасайтынын айтты.

«Жаңа инновациялық технологиялр мен барлық елдердің ынтымақтастығы  тұрақты энергияны дамытуға тиімді әсер береді. Тұрақты энергетикаға жаһандық түрде көшу  басталды. Алайда, оның одан  әрі дамуы  ел мен бар әлемде жүргізіліп жатқан  саяси драйверлерге қатысты.Күн батарейлері, баламалы энергетика – ықпалдасқан технологияларды біріктіретін құралдар», - деді Ш.Ахтар.

Конференцияға баяндамашы ретінде РФ энергетика министрі Александр Новак, Сауд Арабиясының  өнеркәсіп және минералды ресурстар, энергетика министрі Халид аль-Фалих,  Түркияның энергетика және табиғи ресурстар  министрі Берат Албайрак қатысты.

Сондай-ақ, Ресей энергетика министрі Александр Новак ресейлік энергетикалық баланс әлемдегі әртараптандырылғандардың бірі болып есептелетінін жеткізді.

«Ресей  электр энергиясын өндірудегі көміртексіз көздердің 30 пайыздық  үлесін  құрайды. Бұл гидроэнергия, атом энергиясы, баламалы көздер, бүгінде өндірілген энергияның  80 пайызы көміртексіз және аз байытылған көміртек көздеріне тиесілі», - деді Новак.

Өз кезегінде ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев конференцияның басты назарында  қазба жанармай, энергиятиімділікті арттыру  және баламалы энергия көздерін дамыту  мәселелері тұрғандығын жеткізді.

Аталмыш  форум-конференция  елдерге тұрақты даму мақсаттарына қалай жету керектігі бойынша ұсыныстар ұсынады.

Форум соңында министрлік Декларация  қабылданады. Ол қабылданған соң ЭКСПО-2017 құндылықтар манифестінің басты өзегіне айналмақ. Қатысушылар  ЭКСПО аясында Астанада  жасыл технология мен инвестицияны дамыту  бойынша Халықаралық орталық  құру шешімін анықтайды.

Айта кетейік, конференцияға  80 елдің делегациясы мен   энергетика саласындағы  20 министр қатысуда.

Ақбота Күзекбай

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды