- Басты
- Жаңалықтар
- Шағын елдің үлкен жетістіктері: Сингапур павильоны ашылды
Шағын елдің үлкен жетістіктері: Сингапур павильоны ашылды
«Үлкен идеялардың шағын қаласы» деп аталатын Сингапур павильонынан орнықты болашаққа арналған тиімді шешімдерді дамытуды қолдайтын экожүйені құру жөніндегі Сингапурдың атқарып жатқан жұмыстарымен танысуға болады.
Х.Якоб айтып өткендей, ЭКСПО-ны өткізу – жоғарғы басшылықтың елдің мәдениеті мен инновациясын паш етуге ұмтылысы.
«Сингапур павильоны көрме қонақтарының назарына біздің жағдайға бейімделген ең жаңа технологиялар мен шешімдерді ұсынады. Олар: қуатты аз тұтынатын үйлер, биік ғимараттарға тігінен өрілетін жылыжайлар, су қоймаларында қолдануға арналған жүзетін күн батереялары. Біздің тәжірибеміз Қазақстанды және осы аймақтағы елдерді қызықтырады деп ойлаймыз және өз павильонымызда бірқатар семинар өткізу жоспарымызда бар», - деді Сингапур Парламентінің спикері Халима Якоб салтанатты шара барысында.
Сингапур аймағы бойынша шағын ғана мемлекет. Оның басты байлығы адами ресурстар болып табылады.
Халима Якоб таныстырғандай, Сингапур павильоны елдің талаптарына бейімделген жаңа технологиялар мен шешімдерді ұсынады.
«Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына келу мен үшін үлкен мәртебе. ЭКСПО көрмесін өткізу - мемлекет жетекшілерінің ұлттық мәдениет пен инновацияны әлемге паш етуге ұмтылысының жарқын көрінісі»,- деді Парламент төрайымы.
Сондай-ақ, ол Қазақстан Елбасы Н. Назарбаевтың дана басшылығымен 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына кіретініне сенім білдірді.
Сингапур павильоны 6 аймақтан тұрады. Оны мемлекеттің жетекші сәулетшілерінің бірі Рэнди Чэн жасаған. Павильон қонақтар назарына ең жаңа технологияларды ұсынады. Мысалы, қуатты аз тұтынатын үйлер, биік ғимараттарға тігінен өрілетін жылыжайлар, су қоймаларында қолдануға арналған жүзетін күн батареялары.
Сонымен қатар, өзге павильондармен бірге Ресей павильоны да ашылды. Павильонда Ресейдің энергетикалық әлеуеті, атом саласында жеткен жетістіктері, гидроэнергетикадағы тың серпілісі көрсетіледі. Барлық келушілер түрлі теңіздердің арасында, Солтүстік теңіз жолы бойында орналасқан Ресейдің өз табиғи артықшылықтарын қолдана отырып, болашақ энергияның инновациялық дамуына қадам басуын көре алады.
Павильонға кірген көрме қонақтары мәңгілік мұзды мекен - Арктикаға тап болғандай әсер алады. Ғимараттың қабырғалары тоң басқан мұз түрінде жабдықталған және ондағы сәулелер Арктика табиғатына ғана тән Солтүстік шұғыла құбылысын бейнелейді. Экспозицияның басты жаңалығы - Арктикадан, ғаламшардың «ең төбесінен» жеткізілген мұз сеңі болды. Қалыңдығы 4 метрді құрайтын мұз сеңі екі жылда түзілген және арнайы контейнерлер арқылы Астанаға жеткізілген.
Сондай-ақ, Ресей павильоны экология жылына қолдау білдіру мақсатында өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға қатысты арнайы экспозиция ұсынады. Келушілер «Арктиканың табиғи әлемі», «Арктиканың су астындағы әлемі. Қайраң», «Арктиканың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, «Мұздар» сынды динамикалық видео-инсталяцияларды тамашалайды және жануарлардың сиреп кеткен түрлерін сақтау туралы мәліметтермен таныса алады.
Атап өтсек, көрменің алғашқы күні өз есіктерін барлық павильондар ашты. 87 ел келушілерді қабылдауда. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының» төрағасы Ахметжан Есімов айтып өтті.
«Баламалы энергия көздері саласында үздік жетістіктерге жеткен үздік тәжірибелердің алаңы ашылды. Іріктеуді халықаралық комиссия жүргізді. Сондай-ақ, жұмысты шығармашылық энергия аймағы бастады. Көрменің ашылуына бірегей нысандар дайындалды. Конгресс орталық 2000 адамға арналған, зал трансформацияланады. Сондай-ақ, жаңа кеңістіктер пайда болады. 14-00 кезінде көрмені 9832 адам тамашалаған», - деді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының» төрағасы Ахметжан Есімов.
Ақбота Күзекбай
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер