• Басты
  • Жаңалықтар
  • Испания Королі VI Фелипе Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келді (ФОТО)

Испания Королі VI Фелипе Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келді (ФОТО)

10 Маусым, 2017 13:22
Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипемен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипені Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келуімен құттықтады.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Испания біз үшін жақын ел болды. Ұлы тарихы мен мәдениеті қалыптасқан Испаниямен достық қарым-қатынаста болғанымызды мақтан тұтамыз. Осы ынтымақтастықтың негізі  І Король Хуан Карлостың тұсында қаланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Испания Короліне Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы жан-жақты қолдауы, сондай-ақ халықаралық аренадағы ниеттестігі үшін алғыс айтты. 

« Сіздер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төраға болуымызға, сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланатын кезімізде қолдау білдірдіңіздер. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі жалғастыруға дайынбыз», – деді Мемлекет басшысы.

Испания Королі Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтып, елімізді халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуымен құттықтады.

« Менің сапарымның Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің таңғажайып ашылу рәсіміне тұспа-тұс келуі – зор мәртебе. Сізді осындай ұлы оқиғамен құттықтаймын», – деді VI Фелипе.    

Барлық жаңалықтар