- Басты
- Жаңалықтар
- Сауд Арабиясы полиэтилен өндіру бойынша жобалардың іске асырылу мүмкіндіктерін зерделеуде
Сауд Арабиясы полиэтилен өндіру бойынша жобалардың іске асырылу мүмкіндіктерін зерделеуде
Министрлер кездесуі Қазақстан және Сауд Арабиясы Мемлекет басшылары арасындағы Эр-Риядта 2016 жылдың 24-25 қазанындағы қол жеткізілген уағдаластықтар аясында өтті.
Кездесу барысында «Біріккен химиялық компания» ЖШС (химия саласы бөлігінде үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның операторы) және «SABIC» ((Saudi Basic Industries Corporation) – химия және металлургия өнеркәсібінде мамандандырылған жария акционерлік компаниясы. Әлемнің ірі мұнай-химия компанияларының бестігіне кіреді, Сауд Арабиясы Корольдігі) компаниялары арасында екі жақты Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Көрсетілген құжат Қазақстандағы полиэтилен, полипропилен және метанол өндіру бойынша жобалардың іске асырылу мүмкіндіктерін зерделеуде негіз қалаушы болып табылады. Меморандумға «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Жеңіс Өсербай және «SABIC» компаниясының Бас директоры Юсеф Аль-Беньян қол қойды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қ. Бозымбаев кездесуде атап өткендей: «Меморандумға қол қою мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың жақсы үлгісі болып табылады. «SABIC» компаниясының тәжірибесі әлемдік үрдісті ескере отырып, мұнай-химия жобаларын іске асырудың тиімді моделін дайындауға көмектесетіндігіне сенім мол».
Көрсетілген жобаларды Атырау облысындағы мұнай-химия аймағында іске асыру жоспарлануда. Осы аумақта салықтық, кеден және басқа да жеңілдіктер көздейтін арнайы құқықтық режим қарастырылған.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда