- Басты
- Жаңалықтар
- Чехия Президенті: ЭКСПО-2017 көрмесі – өте маңызды іс-шара
Чехия Президенті: ЭКСПО-2017 көрмесі – өте маңызды іс-шара
Мемлекет басшысы Чех Республикасының Президентіне «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысқаны үшін ризашылық білдірді.
«Сіздің 2014 жылы Қазақстанға келген сапарыңыз есімде. Содан бері елдеріміз арасында көп жұмыс атқарылды, саяси және экономикалық салада екіжақты қатынастардың дамуы оң қарқын алып отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті М.Земанның мемлекет қайраткері ретінде күн тәртібіндегі түрлі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша өзінің жеке пікірі бар екенін, ол әрдайым осы арқылы ерекшеленетінін атап өтті.
Чех Республикасының Президенті өзімен бірге кәсіпкерлер тобының келгенін, олардың экономикалық байланыстарды дамытуға, Қазақстан экономикасының түрлі салаларына инвестиция салуға мүдделі екенін айтты.
«Мен Чехия Үкіметі алдында сөйлеген сөзімде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысу қажеттілігін айтқан болатынмын, өйткені оны өте маңызды іс-шара деп санаймын. Оның үстіне біз Қазақстанды өңірдегі көшбасшы ретінде қарастырамыз»,– деді М.Земан.
Сондай-ақ, Чех Республикасының Президенті Астананың әсем қала екенін айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған Қазақстан астанасының келбетінде көрініс тапқан архитектуралық идеяларды жоғары бағалады.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу