- Басты
- Жаңалықтар
- Малайзия ЭКСПО көрмесінде халал-өнеркәсібін дамытудағы жетістігін таныстырады
Малайзия ЭКСПО көрмесінде халал-өнеркәсібін дамытудағы жетістігін таныстырады
Малайзия жасыл экономиканың өсуі бойынша дамып келе жатқан нарықтардың көшбасшысы ретінде өз мүмкіндіктерін көрсетуге ниетті және «ЭКСПО-2017» Малайзия Павильонының ресми ашылуына шақырды.
Зайни Уджанг Малайзия Павильоны жасыл болашақ бағытында әрекеттенуге шабыттандыратынына толық сенімді.
«Біз барша әлемді Малайзиямен бірге жасыл экономиканы құруға шақырамыз», - деп комиссар өз сөзін толықтырды.
Малайзия Павильоны ауданы жағынан ең ірі павильондардың бірі (732 шаршы метр) және орналасқан жері бойынша қолайлы. Ол Үндістан мен Қытай елдері павильондарының отасында орналасып, екі ел арасындағы байланыстырушы көпір қызметін атқарып, өзін Азияның дамуындағы алар орнын көрсетпек.
Өз сөзінде доктор Зайни Уджанг, көрмеге дайын екендіктерін жеткізді.
Спикердің айтуынша Малайзия Павильоны жасыл экономика дамуындағы елдің жетістіктерін көрсететін және қызығушылық танытқан елдердің іскерлік ортасымен байланыс орнату алаңы болады. Сонымен қатар, қонақтар Малайзияның мәдениеті және елдің туристік көрікті жерлерімен жақынырақ таныса алады.
«Малайзия Павильоны елдің халал-өнеркәсібінің дамуындағы және ислам жасыл қаржыландыру секторындағы дүние жүзіне танылған жетістіктерін көрсетеді. Малайзияның қаржы институттары шарият қағидаларына негізделген жасыл инновацияны қолдану саласындағы көшбасшы болып саналады», - деді комиссар.
Малайзия Павильоны елдің жасыл болашаққа бағытын 5 негізгі тараулар арқылы көрсетеді. Олар, «Ұлттың күшін нығайту және оны қуаттандыру», «Ұлттық трансформация», «Көріністі ұлғайта келе», «Энергия үйлесімділігі», «Малайзиянын бизнес-орталығы».
«ЭКСПО-2017» көрмесінде Малайзия өкілдігін энергетика, жасыл технология және су ресурстары министрлігі басқарады. Малайзия Павильонының идеясын Малайзияның жасыл технологиялар корпорациясы «Green Tech Malaysia» жүзеге асырған.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары -
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері