- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Люксембург арасындағы тауар айналымы 60%-ға өсті
Қазақстан мен Люксембург арасындағы тауар айналымы 60%-ға өсті
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Люксембург Премьер-министрінің орынбасары – экономика министрі, қорғаныс және ішкі қауіпсіздік министрі Этьен Шнайдермен кездесті
Кездесу ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына қатысу үшін Люксембург делегациясының Астанаға ресми сапары шеңберінде өтті.
Кездесу барысында Бақыт Сұлтанов Қазақстанның экономикасы мен оның қазіргі жай-күйі туралы, оның ішінде Қазақстан – 2050 мәңгілік ел және іске асырылатын «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» даму бағдарламалары туралы айтып өтті.
Тараптар сондай-ақ екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Бақыт Сұлтановтың айтуынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы тауар айналым көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 60%-ға өсті және 18,3 млн. АҚШ долларын құрады. Алайда өзара сауда көрсеткіштері екі жақты ынтымақтастық әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайтынын көрсетіп отыр.
ҚР Қаржы министрі Министрліктің ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ екі жақты сауда мен инвестицияларды кеңейту бойынша қолданатын шараларын айтты.
Сонымен, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капитал және оған Хаттама, салыққа қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция қолданылады.
Сондай-ақ, олардағы салық заңнамасының өзгеруіне байланысты Люксембург салық салуда жеңілдігі бар мемлекет тізбесінен алынып тасталды.
Осыған байланысты Бахыт Сұлтанов қолданылып отырған шаралардың Қазақстан-Люксембург қатынастарының одан әрі дамуына оң әсер тигізетініне және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына және екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарының көркеюіне ықпал ететініне сенім білдірді.
Бахыт Сұлтанов «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құрудың негізінде қаржы саласындағы Люксембургтің бірегей халықаралық тәжірибесі, оның ішінде қаржы орталықтарын құру тәжірибесі ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Қорытындылай келе, ҚР Қаржы министрі Люксембург делегациясының сапары Қазақстан мен Люксембург арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына жаңа екпін береді деп сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция