• Басты
  • С. Кристенсен: ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы – үш айлық мерекенің бастамасы (ВИДЕО)
9 Маусым, 2017 22:52

С. Кристенсен: ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы – үш айлық мерекенің бастамасы (ВИДЕО)

Халықаралық көрме бюросының Президенті Стин Кристенсен ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу рәсімінде сөз сөйлеу барысында Халықаралық көрме бюросының 175 мемлекеті атынан Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты және ЭКСПО-2017 көрмесінің барлық ұйымдастырушыларын осы айтулы оқиғамен құттықтап, алғысын білдірді.
С. Кристенсен: ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы – үш айлық мерекенің бастамасы (ВИДЕО)

«Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесінің арқасында дүниежүзілік қоғам назарын өзіне аударды. Көрменің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбы үнемі өзекті болған және болып қалады да. Бүгінгі таңда жасыл энергия мәселесі дамыған елдерді ғана емес, сонымен қатар дамушы мемлекеттерді де қызықтырады. 115 елдің арасынан әлемдік ауқымдағы 22 компания дәл осы көрмеге тартылды. Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев, Халықаралық көрме бюросының 175 мемлекеті атынан Сізді осы айтулы оқиғамен құттықтаймын. Бұдан бөлек, Көрменің барлық ұйымдастырушылары мен қатысушыларына және Үкіметке атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіремін», - деді  Стин Кристенсен.

Халықаралық көрме бюросының басшысы айтып өткендей, бұл оқиға әлемдегі көптен күткен және ең көп келуші қатысатын оқиға болып табылады.

«Дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесіне  қатысып жатқанымызға қуаныштымыз.  Барлық павильондар  жасыл энергетиканың дамуына үлкен үлес  қосты. Себебі, болашақта біз қаншалықты энергияны қолданатынымыз барлығын қызықтырады. Энергия – өмірлік күш. Бүгінгі ЭКСПО көрмесіндегі кездесуіміз болашақта  маңызды  мәселелерді шешуімізді ынталандырып отыр. Энергия тұрақты әрі баршамызға қолжетімді болуы керек.  Таза энергиясыз  Планетаның болашағын елестету мүмкін емес. Энергия – бар өркениеттің  өмірлік күші. Бұл үш айлық мерекенің бастамасы», - деді С.Кристенсен.

Ол айтып өткендей, ертеңнен бастап ЭКСПО елдері арасында саяхат басталады.

Ол айтып өткендей, 3 ай бойы жасыл энергетика – болашақтың энергиясы бойынша әртүрлі пікірталастар өткіземіз.

Айта кетейік, бұл Стин Кристенсеннің екінші сапары, алғаш рет ол 2012 жылы  Халықаралық көрмелер бюросының  сарапшылар комиссиясының төрағасы ретінде келген болатын.

Ақбота Күзекбай

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар