- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Біз ғылыми прогрестің бел ортасында болуды қалаймыз
Н.Назарбаев: Біз ғылыми прогрестің бел ортасында болуды қалаймыз

«Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесі – жаһандық кеңістікте елімізді танытудың және «Қазақстан» ұлттық брендін ілгерілетудің жаңа белесі. Біз «Болашақтың энергиясы» тақырыбын ұсына отырып, ғылыми прогрестің бел ортасында болуды қалаймыз. Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Лондонда өткен алғашқы дүние жүзілік көрмеден кейін адамзат орасан зор технологиялық өзгерістерді бастан өткерді. Бүгінде біз тиімді және қауіпсіз энергия саласындағы тың жаңалықтар қарсаңында тұрмыз», - деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы атап өткендей, «ЭКСПО-2017» көрмесі осы жаһандық үдеріске өзінің айрықша үлесін қосады.
«Заманымыздың озық ойлы адамдарының қатысуы жоспарланған іс-шаралар адамзат дамуының жаңа бағыттарын айшықтайды. Миллиондаған қазақстандықтар мен дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін жүз мыңдаған қонақ әлемдік ғылыми және инженерлік ақыл-ойдың керемет жетістіктерімен танысатын болады. ЭКСПО бағдарламасында 6 мың түрлі іс-шара өткізу жоспарланған. Олар әлем елдері арасындағы өзара түсіністікті дамытуға, ғылым, бизнес және қоғам арасындағы табысты іс-қимылға, сондай-ақ Қазақстан мәдениетімен танысуға септігін тигізеді. Біз келуге тілек білдіргендердің барлығын еліміздің басқа да өңірлерін аралап көруге, бірегей табиғатымызбен және тарихи мұрамызбен танысуға шақырамыз», - деді Н. Назарбаев.

ҚР Президенті Қазақстан көмір су қорының көптігіне қарамастан жаңартылған энергия көзіне көшетіні туралы айтып берді.
«Қазақстан орасан зор көмірсутек қорының бар екеніне қарамастан, жаңартылатын энергия көздеріне белсенді түрде көшетін болады. Осындай мақсат біздің «Стратегия-2050» бағдарламамызда және «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамамызда көрініс тапты. Қазақстан 2050 жылға қарай жаңартылатын көздердің есебінен электр энергетикасының жалпы көлемінің жартысын өндіре алатын болады. Сонымен бірге экономикада энергияның жұмсалуы да азаяды», – деді Ұлт көшбасшысы
Н.Назарбаев көрменің халықаралық өзара ынтымақтастыққа елеулі тың серпін беріп, еліміздің ғылымын дамытуға және экономикамызды жаңғыртуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
«ЭКСПО-2017» көрмесі аяқталған соң оның инфрақұрылымы одан әрі пайдаланылатын болады. Бұл жерде «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтін болады. «Жасыл» технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құрылады. ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі ашылады. Осылайша, еліміздің, өңіріміздің және әлемнің игілігі үшін ЭКСПО-дағы «инновацияның тамыр соғысы» жалғасатын болады, – деп сендірді Н.Назарбаев.
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің маңызы -
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы -
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр -
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу -
НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын кімдер және қалай жүргізеді -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Коронавирустың «британдық» штамының белгілері қандай -
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі