• Басты
  • ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу рәсімі көрермендерді ауқымды мультимедиялық шоумен таң қалдырмақ
9 Маусым, 2017 20:58

ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу рәсімі көрермендерді ауқымды мультимедиялық шоумен таң қалдырмақ

Биыл ЭКСПО көрмесі халықаралық қоғамның энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіретін және оған жауапкершілікпен қарауға шақыратын «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтеді.
ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу рәсімі көрермендерді ауқымды мультимедиялық шоумен таң қалдырмақ

ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу рәсімі үшін мультимедиялық шоу әзірлеумен Star Project айналысады, оның командасында Еуропа мен Ресейдің белгілі мамандары: креативті директор Андре Ферлегер, техникалық продюсер Тармо Кримм, қоюшы-режиссер Вячеслав Кулаев бар.

«Көрменің ашылу рәсімінің шоу сценариі жер жүзінің пайда болуынан бастап оның болашақтағы іске асырылуының заманауи фантазияларына дейін жаратылыс күші ретінде Энергия тарихына негізделіп құрылды», - деді Star Project директоры және жобаның бас продюсері Борислав Володин.

Сондай-ақ, ол стандарттан тыс және визуалды шешімдер пайдаланылғанын да айтып өтті.

«Қойылымда кинетикалық декорациялар, ашық жарық диодты экрандар, проекциялық жүйе және қашықтықтан басқарылатын дрондар сияқты инновациялық сахналық технологиялар қолданылады. Декорациялық объектілер әртістердің қимылдарымен толық үйлестірілген. Қойылымға 300-ден астам биші және жоғары деңгейдегі әртістер қатысады. Қойылым ерекшеліктерінің бірі дрондар балеті болмақ», - деді Б.Володин.

Шоудың барлық аудиовизуалды әсерлері көріністің телекөрсетілімін ескере отыра әзірленген. Осының арқасында тіпті теледидар экранында да іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі өзінің көрінісін жоғалтпайды. Барлық әлем бойынша телекөрермендер шоуды үйлерінен шықпай-ақ көре алатын болады.

Еске сала кетейік, «Болашақтың энергиясы» атты ЭКСПО халықаралық көрмесі – Қазақстан астанасында 2017 жылғы 10 маусым-10 қыркүйек аралығында өтетін көрме және ойын-сауық іс-шарасы. Ол 93 күнге созылып, биылғы жылдың негізгі мәдени алаңдарының біріне айналады. 115 ел және 22 халықаралық ұйым өздерінің көрмеге қатысатынын растады.

ЭКСПО-2017 аясында энергия тиімді өмір салтын ілгерілетуді және жаңартылатын энергия көздерін белсенді енгізуді қамтамасыз ететін жаһандық маңызы бар бағдарламалық құжаттар әзірленетін болады.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар