- Басты
- Жаңалықтар
- Түрікменстан Президенті Н.Назарбаевты V Азия ойындарын тамашалауға шақырды
Түрікменстан Президенті Н.Назарбаевты V Азия ойындарын тамашалауға шақырды
Мемлекет басшысы Г.Бердімұхамедовке Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына шақыруын қабыл алғаны үшін алғыс айтты.
"Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы аяқталып, оның қорытындысы бойынша ұйым қатарына екі жаңа мемлекет – Үндістан мен Пәкістан қабылданды. Бүгінде ШЫҰ дегеніміз – бұл 4 ядролық держава, адамзаттың тең жартысы және әлем экономикасының 30%-ға жуығы", – деді Мемлекет басшысы.
Түрікменстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін ризашылық білдіріп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі зор екенін атап өтті.
"Осындай іс-шараға қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы өте қызықты және көрме аясындағы көптеген мәселелер елдеріміз үшін маңызды. Солардың қатарында экология мәселесі де бар", – деді Түрікменстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Г.Бердімұхамедов Түрікменстан Президентінің биылғы сәуір айында Қазақстанға келген сапарынан кейін екіжақты қатынастарды дамытудың оң қарқыны байқалып отырғанын атап өті.
Кездесу соңында Г.Бердімұхамедов Қазақстан Президентін биылғы қыркүйек айында Ашхабадта жабық ғимаратта өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін V Азия ойындарын тамашалауға шақырды.
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
AntikorLive: Азия Даму банкінің Серіктестерінің «қара тізімге» ену себебі айтылды -
Эксклюзив: Қырғыз республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат -
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ -
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады -
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері -
ҚР Президенті БҰҰ – ның 75 жылдығында сөз сөйледі -
ВИДЕО: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі -
Тоқаев қазақстандықтарды дүрбелеңге салынбауға шақырды