- Басты
- Мемлекет басшыларының кортежи ЭКСПО алаңына келді (ФОТО)
Мемлекет басшыларының кортежи ЭКСПО алаңына келді (ФОТО)

Алғашқылардың бірі болып Чехия делегациясы келді. Қазақстанға Чехия Республикасының Президенті Милош Земан жұбайы Ивано Земанмен келді. Чехия Шығыс Еуропа ішіндегі Қазақстанның басты серіктесі.
Келесі болып Люксембург келді. Люксембургтің премьер-министрі Ксавье Беттель біздің Президентімізбен амандасты.
Үшінші болып Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев келді.
Атап өтер болсақ, Алмазбек Атамбаев ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриште ШЫҰ отырысынан кейін ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына келді.
Содан соң, Армения Президенті Серж Саргсян қонақтардың қатарына қосылды. Толықтырып кететін болсақ, ағымдағы жылы қазқстандық-армяндық бизнес форум күтілуде.
Кейін Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президенті Александр Вучичті қарсы алды.
Содан соң, кезек-кезек ШЫҰ саммитіне қатысқан Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди, БАӘ басқаушы король отбасысының мүшесі Мансур ибн Зайд Аль Нахайян , ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Белорусия Президенті Александр Лукашенко, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Түркменстан Президенті Гурбангулы Бердымухаммедов, Сингапур Праламентінің төрағасы Халима Якоб, Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Наваз Шарип, Испания королі Филипп VI, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон келді. Делегациялар тізімін көршіміз, әрі басты саяси серіктесіміз Ресей Федерациясының Президенті қорытындылады.
Жалпы, көрменің салтанатты ашылуна 17 мемлекеттің және үкіметтің басшылары қатысуда.
Олардың ішінде ҚХР, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан басшылары және Үндістан және Пәкістанның премьер министрлері ШЫҰ -2017 саммитінде кездесті.
Ақбота Күзекбай
-
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі
-
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
-
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар
-
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді
-
Дін көшбасшыларының тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі қандай
-
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
-
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
ІІМ сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді атады
-
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері
-
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды
-
Мемлекеттік емес ұйым саналатын мекемелерге ресми сайтта ақпаратты ашық жариялау міндеттеледі
-
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді

