- Басты
- ЭКСПО-2017: Ашылу салтанатына санаулы минуттар қалды (ФОТО)
ЭКСПО-2017: Ашылу салтанатына санаулы минуттар қалды (ФОТО)

ЭКСПО-2017 шарасына қатысу үшін 115 елдің өкілдері келіп жетті.
Ашылу салтанаты көрменің басты нысаны – «Нұр Әлем» павильонынан басталады. Бұл диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр құрайтын әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат болмақ. Келушілер Қазақстанның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, көрікті жерлері, сонымен қатар елдің жетістіктерімен таныса алатындай, ғимараттың 1 қабатында Қазақстанның павильоны орналасады.
Сфераның өзінде Болашақ мұражайы жайғаспақ. Нұр Әлем қарапайым мұражайдан артық, ол Көрме өткеннен кейін өз бетінше инновациялық хаб әрі манызды зерттеу және мәдени орталыққа айналуы тиіс. Ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика - қуат көздерінің негізгі түрлері көрсетілетін, Болашақ мұражайының 2-8 қабаттарында орналасқан экспозициялық кеңістіктерді қабылдау мүмкіндігі сандық, мультимедиялық және интерактивті технологиялар арқасында нығая түседі.
Ғимарат үстіндегі шолу алаңына лифт арқылы көтеріліп, бүкіл ЭКСПО ауданына ашылатын әдемі көріністі тамашалауға болады. Кіреберістің алдында Көрме келушілері жиналатын Басты алаң орналасқан. Әлем бойынша алғашқы "толық сфера" түріндегі ғимаратта құрылым бірегейлігі жатыр. Құрылымның қасбетінде күн энергиясын электр қуатына түрлендіретін фотовольтаикалық элементтердің бірігуі ойластырылған. Сонымен қатар, сфераның жоғарғы жағында 2 жел генераторы қарастырылған.
Айта кететіні, ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттауға 40 елден журналистер жиналды. БАҚ өкілдері ЭКСПО аймағындағы медиа-орталыққа жайғасты. Қазір 800 шетелдік және 400 қазақстандық журналист бар.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді. Бұл көрме жоғары деңгейде өтіп, бізді және еліміздің қонақтарын технологиялар әлеміндегі жаңа өнертабыстармен және жетістіктермен таң қалдырады, болашақтың энергиясы саласындағы әзірлемелер әлемге танымал болады деп күтілуде. Қазақстан үшін бұл серпіліс болып, еліміз бүкіл әлемге танымал болады.
ЭКСПО-2017 аясында мәдени шаралар кеңінен ұйымдастырылмақ, шоу-бизнес өкілдері мен театрлық қойылымдар, концерттер, Цирк Дю Солей өнер көрсетеді.
Ұйымдастырушылар хабарлағандай, ЭКСПО-2017 ресми ашылуынан кейін мерекелік отшашу мен мультимедиялық шоу болады.
Қайрат Жандыбаев
-
COVID-19: Дәрігерлерге өтемақы төлеу, кинотеатрлардың ашылуы, екінші тоқсандағы оқу форматы туралы
-
«Пластиксіз Қазақстан»: Қалдықсыз қоғам қалыптастыру үшін не істеу керек
-
Экобелсенді: Қалдықсыз қоғам қалыптастыруымыз керек
-
ДДСҰ: Вирустың таралуы бақылауға алынған жерлерде мeктептер ашылуы мүмкiн
-
Ақтаулық әуесқой палеонтолог ежелгі ірі рептилияның қалдықтарын тапты
-
Қазақстан дәрігерлері: науқастардың көптігінен күйзелген кездер артта қалды
-
Тоқаев Н.Ә.Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
-
Қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)
-
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО)
-
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)
-
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
ШҚО-да ҚХА мүшелері республикадағы алғашқы достық үйінің ашылуын еске алды
-
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)

