- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр ЭКСПО аясында бірқатар кездесулер өткізді
Премьер-Министр ЭКСПО аясында бірқатар кездесулер өткізді
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сингапур Республикасы Парламентінің Спикері Халима Якобпен кездесу өткізді.
Кездесу аясында сауда-экономикалық сала мен бизнеске қолдау көрсету мәселелері, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық кеңінен талқыланды.
Бұдан өзге, тараптар Сингапур мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық арасындағы Еркін сауда туралы келісімге қол қою перспективасын, «Қазақстан-Азия-Тынық мұхиты сауда-инвестициялық палатасы» үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымы қызметтерінің нәтижесін, сонымен қатар Сингапурдың «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы мәселелерін қарады.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, инвестициялар, инновацияларды қолдау, инфрақұрылымды дамыту, ведомствоаралық және іскерлік байланыстарды жандандыру салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ Люксембург Ұлы Герцогтігінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын талқылады.
Бұдан өзге, аэроғарыш саласында, атап айтқанда ғарыш кеңістігіне ғылыми зерттеу жүргізу, ғарыш аппараттарын жасау және пайдалану, жерсеріктік байланыс және навигация аясында екіжақты байланысты нығайту мәселелері қаралды.
Оған қоса, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету перспективаларын, инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты және ауыл шаруашылығы, электр энергетикасы, қалаларда «Smart city» жүйесін енгізу, қалдықтарды басқару және т.б. салалардағы ортақ жобаларды іске асыруды талқылады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі