- Басты
- Жаңалықтар
- Төле би ауданында 10 шағын су электр станциясы салынады
Төле би ауданында 10 шағын су электр станциясы салынады
Төлебиде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларына тоқталған аудан басшысы алдағы уақытта баламалы энергия көздерін дамыту бойынша ауданда 20 МВт элект энергиясын өндіретін ірілі-ұсақты 10 су электр станциясы салынатынын айтты.
Ал биылғы жылы жоғарғы Ақсу мен Сайрам өзендері бойынан инвестиция көлемі 1,5 млрд. теңге болатын 5 МВт электр қуатын өндіретін ГЭС пайдалануға берілетін болады.
Сонымен қатар, ол мемлекеттік бағдарламалардың ауданда табысты жүзеге асырылуының нәтижесінде аудан экономикасы едәуір артып, халықтың тұрмыс-тіршілігі айтарлықтай жақсара түскенін айтты.
«Биыл аудан бюджетінің көлемі 17 млрд. теңгені құрады. Ал Жалпы өңірлік өнім осы жылдың төрт айында 20 млрд. теңгеге жетті. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 1808,9 млн. теңге болып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен саластырғанда 104,3 пайызды құрады. Өнеркәсіп саласында осы жылдың 4 айында 7 млн. 456 мың теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде қайта өңдеу саласында 6 млрд. теңгеден астам өнім өндірілсе, оның өнеркәсіптегі үлесі 87,9 пайызды құрайды»,-деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, брифинг барысында аудан әкімі Б.Парманов индустрялды аймақта 40 гектар жерге «Нұрлы шапағат» ЖШС-гі құрылыс материалдын шығаратын 6 зауыттың құрылысын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет