- Басты
- Жаңалықтар
- Сербиялық кәсіпкерлер сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі
Сербиялық кәсіпкерлер сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі
Қ. Тоқаев энергия жинақтау мен энергияның балама көздерін пайдалану саласындағы әлемдік үздік жетістіктер көрсетілетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Сербияның қатысқаны үшін А. Вучичке ризашылығын білдірді.
«Көрменің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы сербтің ұлы өнертапқышы Никола Тесланың идеяларының жалғасы, оның жұмыстары қазіргі замандағы технологияларды дамытуға зор үлес қосты», - деді Төраға.
Қ. Тоқаев атап өткендей, Қазақстан Сербиямен барлық салалардағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі болып отыр. Президент Н. Назарбаевтың 2016 жылғы тамызда Белградқа ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге елеулі серпін берді.
Екі елдің заң шығару органдары байланыстарының ерекше маңызы бар.
«Қазақстан Парламенті Сербия Халық Скупщинасымен тығыз ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Парламенттік делегациялардың сапарлары біздің саяси диалогты кеңейтуге ғана емес, өзара іс-қимылдың барлық салалары бойынша екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге мүмкіндік береді», - деді Сенат Төрағасы.
Қ.Тоқаев сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктеріне де тоқталды. Оның пікірінше, ауыл шаруашылығы, құрылыс, металлургия, машина жасау, фармацевтика мен туризм салалары ынтымақтастықтың келешегі зор. Еуропа мен Азияны байланыстыратын Қазақстан аумағындағы ауқымды жобаларды іске асыру аясында көлік-тасымал саласы да ықылас туғызады.
К.Вучич өз кезегінде Белград Қазақстанды өзінің аймақтағы аса маңызды әріптесі деп санайтынын, ал сербтің іскерлер қауымы сауда-экономикалық қатынастарын ұлғайтуға мүдделі екенін атап өтті. Сербия Президенті екіжақты байланыстарды парламентаралық ынтымақтастық тұрғысында кеңейтуді қолдайтынын айтты.
Әңгіме барысында гуманитарлық байланыстарды, мәдениет, өнер және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегі де талқыланды. Қ.Тоқаев кездесуді қорытындылай келіп, Сербия Президентінің Астанаға сапары екі мемлекеттің өркендеуі жолында көптарапты ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
-
Қазақстандық кәсіпкерлер Президент қолдауына ие - А. Мырзахметов -
Тағы да локдаун енгізілсе, Қазақстан кәсіпкерлерінің көбі банкротқа ұшырайды – А. Мырзахметов -
Алматы қаласында пандемия кезінде кәсіпкерлер саны 6000-ға өсті -
Кәсіпкерлердің жұмысына мемлекеттік құрылым заңсыз араласа алмайды – Президент -
InfoKazakhstan е-платформасы қалай жұмыс істейді/ Бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 төлене ме -
Қашықтан оқу үшін оқушылар компьютерді қалай және қайдан алады -
Бизнес өкілдерінің проблемасын жақсы білеміз - ҚР Ұлттық экономика министрі -
Нұртас Адамбай: Қазақ жері мен елі арқылы байыған кәсіпкерлер көмекке шықсын -
Карантиндегі бизнес: Қазақстандық кәсіпкерлер тәжірибесімен бөлісті -
Шымкентте кәсіпкерлерге жаңа форматта қызмет көрсететін кеңсе ашылды