• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен халықаралық беделі жоғарылай түскенінің нақты көрінісі

ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен халықаралық беделі жоғарылай түскенінің нақты көрінісі

9 Маусым, 2017 18:41
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келген Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен жұмыс бабында кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 Әңгіме барысында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының мәселелері талқыланды.

Қ. Тоқаев біздің еліміз БҰҰ-ны баламасыз әрі әмбебап ұйым ретінде қарастыратынын айтты.

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына белсене атсалысуы еліміздің сыртқы саясатының басым бағыты болып табылады. Біз сондай-ақ БҰҰ-ны реформалау жөніндегі Бас хатшының күш-жігерін қолдаймыз», - деді Сенат Төрағасы. А. Гутерриш Президент Н. Назарбаевтың бітімгерлік саласындағы, атап айтқанда, Сириядағы шиеленісті реттеуге бағытталған қызметін жоғары бағалады.

Бас хатшының пікірінше, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен халықаралық беделі жоғарылай түскенінің нақты көрінісі болып табылады.
 

Барлық жаңалықтар