ШЫҰ Даму банкін құру уақыты жетті – Атамбаев

9 Маусым, 2017 15:28
Қырғыстан Президенті Алмазбек Атамбаев Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары кеңесінің отырысында қырғыз тарапы ШЫҰ Даму банкін Бішкекте ашуды ұсынып отырғандығын жеткізді.

«Шекаралық аудандарда  сенімді күшейту өзектілігі тууда. Біз ШЫҰ елдері  өз  шекараларымызды бейбітшілік пен достық  белдеуіне айналдыруымыз керек.  Сауда- экономикалық  ынтымақтастықты  тиімді дамыту да  өңірдегі тұрақтылық  пен қауіпсіздіктің нығаюына жұмыс істейді. Себебі, біздің  елдер халқының жағдайы мен  экономикалық мәселелерді шешу  жергілікті тұрақсыздық жағдайларды жоюға бағытталған», - деді А.Атамбаев.

ҚР Президенті  айтып өткендей,  ШЫҰ даму банкін құрудың уақыты жетті.

«Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенділуін қолдаймыз.  Сондықтан да  ШЫҰ Даму банкін құру мәселесі туып отыр.  Қырғызстан да ШЫҰ құрушыларының бірі болды.  Сол себепті аталмыш банк Бішкек қаласында орналасуы керек деген  шешімді ұсынып отырмыз», - деді А.Атамбаев.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар