- Басты
- Жаңалықтар
- ШЫҰ құрамын кеңейткен соң қуатты әрі беделді бола түседі – В.Путин
ШЫҰ құрамын кеңейткен соң қуатты әрі беделді бола түседі – В.Путин
«Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы жаңа мүшелермен толығып жатыр. Аталмыш елдерді қабылдау шешімі Ресейдің ШЫҰ-ға төрағалық еткен 2015 жылы Уфада өткен саммитте қабылданған болатын. Екі жылдан кем уақыт ішінде Үндістан мен Пәкістан барлық талаптарды орындады, қажетті үрдістерді жүзеге асырды. Енді біздің мақсатымыз жаңа серіктестерге көпжоспарлы жұмыс істеуге жәрдемдесу», - деді В.Путин.

РФ Президенті атап өткендей, Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрамын кеңейткен соң саяси және экономикалық, гуманитарлық салада беделді әрі қуатты бола түседі.
«ШЫҰ құрамының кеңеюі өңір мен халықаралық аренада болып жатқан мәселелерді жылдам шешуге мүмкіндік береді. ШЫҰ үшін жұмыстың басымдығы мүше елдердің сыртқы шекараларында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету болып саналады», - деді В.Путин.
Ресей басшысы айтып өткендей, кеңеске әлемдегі терроризм мен экстремизмнің кенеттен орын алуы аса маңыздылық береді.
«Бұл жағдаймен барлық елдердің халықаралық құқықты қорғау жолындағы шынайы және конструктивті бірігуі арқылы күресуге болады. Террористермен күрес кешенді әрі қатал түрде болуы керек. Әлеуметтік және экономикалық себептерді жоя отырып, терроризмді нейтралдауды жүзеге асырумыз керек. Осы орайда ШЫҰ өңірлік терроризмге қарсы құрылымның рөлі күшейе түседі. Құқықтық негізді күшейтудегі маңызды қызмет – экстремизмге қарсы тұжырымдама, біз бүгін оған қол қоямыз. Біз бірлесіп саяси-дипломатиялық түрде өңірлік дауларды реттеуге көшетінімізге сенімдімін. Алдымен ол Таяу Шығыс пен Сириядағы жағдай», - деді В.Путин.
РФ Президенті соңғы уақытта сириялық дағдарыстың дамуында үміттендіретін сәттер пайда болғанын, сондай-ақ үкімет әскерлері мен қарулы оппозиция арасындағы соғысты тоқтату бойынша келісімге келудің маңыздылығын атап өтті.
«Осы негізде әскери әрекеттерді тоқтату режимін нығайту және Женевадағы сирияаралық келіссөздер процесіне серпін беру мүмкіндігі пайда болды. Ауғанстандағы істердің жай-күйі өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуде негізгі мәнге ие екені анық. ШЫҰ бойынша барлық әріптестер сияқты Ресей де ауғандықтардың өздерімен келісу арқылы саяси реттеуді қолдайды. ШЫҰ осы бағытта да белсенді жұмыс жүргізе алар еді», - деп атап өтті Ресей басшысы.
В. Путин 2009 жылы орнатылған ШЫҰ-Ауғанстан байланыс тобының қызметін қайта жандандыруды ұсынды.
«Ауғандық есірткіні өндіру және шығару көлемдерінің ұлғаюы жалғасып жатқандықтан, ШЫҰ-ның тиісті халықаралық ұйымдардың бейінді құрылымдарымен өзара іс-қимылын арттыру қажет. Өңірде есірткіге қарсы қауіпсіздік белдеуін қалыптастыруға барлығымыз мүдделіміз. Экономикалық аспектілерге келетін болсақ, ШЫҰ-ның барлық кеңістігінде ұлттық стратегиялар мен көпжақты жобаларды үйлестіруде күш біріктіру керек деп ойлаймын. Оның мақсаты – Қытайлық «Бір белдеу – бір жол» бастамасы, ЕАЭО, ШЫҰ, Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының әлеуеттерін біріктіру», - деп қорытындылады В. Путин.
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысы өтуде.
Қайрат Жандыбаев
Фото Арман Мұхатов
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері