- Басты
- Жаңалықтар
- Си Цзиньпин: Шанхайлық рух - ШЫҰ даму кепілі
Си Цзиньпин: Шанхайлық рух - ШЫҰ даму кепілі
«Ағымдағы жыл ШЫҰ Хартиясына қол қойылғанына 15-жыл толу және ұзақмерзімді көршілік, достық, ынтымақтастық туралы келісімге 10-жыл толу белгісімен өтуде. Бүгін бізге Үндістан мен Пәкістан қосылып отыр. Қытай барлық серіктестерімен берік қарым-қатынас орнатуға дайын», - деп атап өтті өз сөзінде Си Цзиньпин.
Сонымен қатар, Қытай тарапы өзінің даму жоспарын ұсынды. Бірінші кезекте ниеттестік пен өзара әрекеттестікті нығайту керек.
«Қуатты біріктіргіш шанхайлық рух ұйымның даму кепілі. Шостық отбасының ескі және жаңа мүшелерінің әрекетін біріктіру, саяси қарым-қатынасты тереңдету, сенім, өзара қолдауды артыру керек. Сондықтанда 5-жылдық жоспарды ұсынамын.
Қытай экстремизммен куресу туралы конвенцияны толығымен қолдайды. Есірткіні өндіру және таратуға түбегейлі қарсы. Біз қорғаныс пен қауіпсіздік бойынша форукм өткізуді ұсынамыз. Барлық тараптарды Ауғаныстанды татуластыруды және бейбітшілікті қолдауға шақырамыз», - деді ҚХР басшысы.
Сонымен қатар, С. Цзиньпин өткен айда Бейжіңде табысты өткен «Бір белбеу – бір жол» форумын тілге тиек етті.
«Кезең-кезеңімен аймақтық ынтымақтастық институттарын құруға шақырамыз, мәселен ШЫҰ-ның сауда саласындағы процедураларды жеңілдету туралы келісімге қол қоюдан бастасақ болады. Екіншіден, мәдени-гуманитарлық байланысымызды нығайтсақ болады. БАҚ-пен байланыс орнату механизмдерін ұсынамыз және ШЫҰ-ның алғашқы медиа саммитін ұйымдастыруға болады», - деп ұсыныс жасады ҚХР басшысы.
Төрағаның айтуынша, Қытай алдағы уақытта мүшелікке ниет білдірген мемлекеттердің өтінішін үлкен ұқыптылықпен қарастыратын болады. Сонымен қатар, қытайлық тарап ШЫҰ хатшылығына қосымша 10 млн юань бөлу туралы шешім қабылдады.
«Қытай Қазақстанды төрағалығы мен атқарған қыруар шаруасы үшін өте жоғары бағалайды. Қытай жақында төрағалықты өзі қабылдап, 2018 жылдың маусым айында кезекті саммитті өткізеді», - деп түйді С. Цзиньпин.
Ақбота Күзекбай
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті