Халықаралық интеграция

Си Цзиньпин: Шанхайлық рух - ШЫҰ даму кепілі

Қытай Қазақстанның төрағалық еткен кездегі атқарған қыруар шаруасын жоғары бағалайды. Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 09 Маусым, 15:05

«Ағымдағы жыл ШЫҰ Хартиясына қол қойылғанына 15-жыл толу және ұзақмерзімді көршілік, достық, ынтымақтастық туралы келісімге 10-жыл толу белгісімен өтуде. Бүгін бізге Үндістан мен Пәкістан қосылып отыр. Қытай барлық серіктестерімен берік қарым-қатынас орнатуға дайын», - деп атап өтті өз сөзінде Си Цзиньпин.

Сонымен қатар, Қытай тарапы өзінің даму жоспарын ұсынды. Бірінші кезекте ниеттестік пен өзара әрекеттестікті нығайту керек.

«Қуатты біріктіргіш шанхайлық рух ұйымның даму кепілі. Шостық отбасының ескі және жаңа мүшелерінің әрекетін біріктіру, саяси қарым-қатынасты тереңдету, сенім, өзара қолдауды артыру керек. Сондықтанда 5-жылдық жоспарды ұсынамын.

Қытай экстремизммен куресу туралы конвенцияны толығымен қолдайды. Есірткіні өндіру және таратуға түбегейлі қарсы. Біз қорғаныс пен қауіпсіздік бойынша форукм өткізуді ұсынамыз. Барлық тараптарды Ауғаныстанды  татуластыруды және бейбітшілікті қолдауға шақырамыз», - деді ҚХР басшысы.  

Сонымен қатар, С. Цзиньпин өткен айда Бейжіңде табысты өткен «Бір белбеу – бір жол» форумын тілге тиек етті.   

«Кезең-кезеңімен аймақтық ынтымақтастық институттарын құруға шақырамыз, мәселен ШЫҰ-ның сауда саласындағы процедураларды жеңілдету туралы келісімге қол қоюдан бастасақ болады. Екіншіден, мәдени-гуманитарлық байланысымызды нығайтсақ болады. БАҚ-пен байланыс орнату механизмдерін ұсынамыз және ШЫҰ-ның алғашқы медиа саммитін ұйымдастыруға болады», - деп ұсыныс жасады ҚХР басшысы.

Төрағаның айтуынша, Қытай алдағы уақытта мүшелікке ниет білдірген мемлекеттердің өтінішін үлкен ұқыптылықпен қарастыратын болады. Сонымен қатар, қытайлық тарап ШЫҰ хатшылығына қосымша 10 млн юань бөлу туралы шешім қабылдады.  

«Қытай Қазақстанды төрағалығы мен атқарған қыруар шаруасы үшін өте жоғары бағалайды. Қытай жақында төрағалықты өзі қабылдап, 2018 жылдың маусым айында кезекті саммитті өткізеді», - деп түйді С. Цзиньпин.

Ақбота Күзекбай 





Яндекс.Метрика