- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Шанхай сегіздігінің отырысы басталды (ФОТО)
Астанада Шанхай сегіздігінің отырысы басталды (ФОТО)

«Бүгін біз ШЫҰ қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылаймыз. Бізге осы ұйым аясында практикалық ынтымақтастықты ілгерілету бойынша бірлескен қадамдар әзірлеу қажет. Өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасу да пайдалы болмақ», - деді ҚР Президенті.

Н.Назарбаев 12 жыл бұрын Астанада Үндістан мен Пәкістан Ислам Республикасына ШЫҰ бақылаушысы мәртебесін беру туралы шешімдерге қол қойылғанын атап өтті.
«Тарихи отырыстың маңыздылығы осы елдердің біздің ұйымымызға алғаш рет қатысуында, ұйым кеңейіп келеді. Енді ШЫҰ жауапкершілік аймағы 3 млрд-тан астам адамды қамтитын аумақты алып жатыр. Осылайша, ұйым енді Шанхай сегіздігі ретінде өзінің институционалдық дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты», - деді Елбасы Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы Астанадағы ЭКСПО көрмесі ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттерге едәуір пайда әкелетініне сенім білдірді.
«2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан сіздермен бірге өңірлік және жаһандық дауларды шешу үшін барынша күш салады. Біздің еліміз жасыл энергетиканы қолдау бойынша жаһандық күш салуды да қолдайды. Бүгін барлығымыз "Болашақтың энергиясы" деп аталатын ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу рәсіміне қатысамыз. Менің шақыруымды қабыл алып, осы іс-шараға қатысатындарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Мұнда бірнеше ай бойы экологиялық таза энергетика саласындағы ең озық технологиялар көрсетілетін болады. Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінің нәтижелері ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттерге және жалпы халықаралық қоғамға зор пайда әкеледі деген үміттемін», - деп атап өтті Елбасы.

Н. Назарбаев ұйым аясында экономикалық кооперацияны ілгерілету мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол үшін жаңа институционалдық мүмкіндіктер ашылуда.
«ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында халықаралық автомобиль тасымалы үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісім өз күшіне енді. Біздің елдеріміздің транзиттік-көлік әлеуетінің ашылуы ШЫҰ-ның әзірленіп жатқан жолдарды дамыту бағдарламаларына ықпал етеді. Еуразиялық экономикалық одақ жобалары мен "Жібек жолы экономикалық белдеуі" бастамасын ескере отыра, өңірлік экономикалық-сауда ынтымақтастығының перспективаларын оң қарастырамыз», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Болашақта өзара сауданың өсуі ШЫҰ еркін сауда аймағының құрылуына ықпал етуі мүмкін. Бұл жерде ШЫҰ елдері экономикалық өзара іс-қимыл салаларының жобаларын зерттеуден бастап кезең-кезеңмен ілгерілеуі мүмкін.
Еске сала кетейік, Астанада ШЫҰ саммиті өтіп жатыр.
Қайрат Жандыбаев
Фото Арман Мұхатов
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды