• Басты
  • Шығыс Қазақстан облысында өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін талқылады
9 Маусым, 2017 17:24

Шығыс Қазақстан облысында өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін талқылады

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті өсімдіктер және жануарлар дүниесін сақтау мәселелері бойынша Өскеменде көшпелі отырыс өткізді.

Шығыс Қазақстан облысында өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін талқылады | Strategy2050.kz

Комитет төрағасы Сергей Плотников Сенатта «Қазақстан Республикасындағы биологиялық әралуандықты сақтауды заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдау өткені, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер қабылданғаны туралы хабардар етті.

Сенат хабарлағандай,  бұл заңға сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлерінің еңбекақылары 25 пайызға көтерілетін болады. Сенаторлар «жасыл» экономикаға көшу жағдайында еліміздің табиғи байлықтарының маңызды бөлігі ретінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін басқару саласында тиімді саясат қалыптастыру қажеттігі туындады, деп санайды.

Экономиканың басым салаларын дамыту тұрғысында экономикалық, әлеуметтік және экологиялық құндылықтарды ескере отырып, халықаралық тәжірибе негізінде оларды басқарудың тың тәсілдерін қарастыру қажет.

Шара барысында парламенттік тыңдау ұсынымдарын іске асыру, биологиялық алуандықты сақтау, орман өнеркәсібін, аймақтағы аңшылық шаруашылықтарын дамыту мәселелері талқыланды.

Сенаторлар сапар барысында «Шығыс-Сүт» ЖШС нысандарында болды. Бұл өндіріс орны өнеркәсіптің өңдеу салаларын инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істейді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды