- Басты
- Жаңалықтар
- Президент ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысушыларды қарсы алды
Президент ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысушыларды қарсы алды
Н.Назарбаев маңызды қонақтарды қарсы ала отырып, Ұйымның астаналық саммитіне қатысуға келгендерге алғыс білдірді.
«Бүгін отырысқа қатысушылардың атынан мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевті Президент болып сайлануынан кейін Кеңес басшыларының отырысына қатысуымен құттықтай отыра, бірлескен жұмыс пен қызметте табыс тілеймін», - деді ҚР Президенті.
Оған қоса, Мемлекет басшысы айтып өткендей, биылғы жылы ШЫҰ-ға 16 жыл толып отыр.
« Осындай сәттерде бес ел бірігіп, Қытай Халық Республикасының тарихи шекарасына қатысты мәселені шешіп, қол қойғаннан кейін тарау сәті туған кезде Қытайдың сол кездегі көшбасшысымен бірігіп шекараға қол қойғаннан кейін айырылмайық, ШЫҰ сынды экономикалық ынтымақтастық құрайық деген болатынбыз. Сол тарихи кезде Э.Рахмонов та болған еді. Ұйым сол мезеттен бастап халықаралық атаққа ие болды, көпсалалы өзара қарым-қатынастың тиімді алаңына айналды. Өңірде қауіпсіздікті нығайту бойынша айтарлықтай жұмыс орындалды, елдер арасында экономикалық ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңеюін қамтамасыз етеін жұмыстар жасалды», - деді Н.Назарбаев.
Президент айтып өткендей, ШЫҰ аясында келісілген құқықтық база да қалыптасқан, нығыз институционалдық негіз де бар, өңірлік және жаһандық маңызы артуда.
Н.Назарбаевтың айтуынша, Астанада Ұйымның жаңа тарихы басталады. Осы отырыс 6 жақты форматта өткізілуде.
«Бүгін біз Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасының ШЫҰ-ға мүшелікке алу туралы шешімге қол қою туралы келістік. Ұйымға жаңа мүшелерді қабылдау оның дамуына тың серпін береді. Бүгінде ШЫҰ өз қызметінде саясаттағы, әлем экономикасындағы өзгерістерді есепке алады. Бірлескен шешімдердің барлығының тиімді атқарылуын жүзеге асыру үшін жүйелі түрде жұмыс істейді. Тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше дең қойылған», - деді Мемлекет басшысы.
Жалпы, аталмыш саммит барысында халықаралық терроризмге бірлесіп қарсы тұру өтінішін қабылдап, Экстремизммен күресу туралы конвенцияға қол қою жоспарланған.
«Бұл ШЫҰ-ның жаһандық зұлымдықпен күресте қосқан үлесі болады. Жалпы бүгінгі сыртқы істер министрлерімен отырыстың күн тәртібінде ұйым үшін ғана емес, сонымен қатар халықаралық қоғам үшін маңызды мәселелер қамтылады. Осы ретте, мен Мемлекет басшыларының шағын құрамдағы отырысын ашық деп жариялағым келеді», - деді Мемлекет басшысы.
Ақбота Кузекбай
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс