- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚҚДБ Қазақстанмен ынтымақтастықтың қазіргі даму қарқынына қанағаттанады
ЕҚҚДБ Қазақстанмен ынтымақтастықтың қазіргі даму қарқынына қанағаттанады
Екіжақты кездесуде ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды. Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) 1993 жылдан бері Қазақстанда 222 жобаны қаржыландырды. Жалпы сомасы – 7,3 млрд еуро.
Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысы халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті. Халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимылды ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық бере отырып кеңейту міндеті қойылды.
«ЕҚҚДБ әзірлеген әрі осы банктің Казақстанмен ынтымақтастығының 5 жылға арналған стратегиясы мемлекеттің және жеке сектордың рөлін теңгерімді ету; қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру, банк секторын күшейту және жергілікті капитал нарығын дамыту; өңіраралық өзара іс-қимылды және халықаралық интеграцияны күшейту; жасыл экономикаға көшуге көмектесу сияқты салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтады», - деді Мемлекеттік хатшы.
Тараптар екіжақты ынтамақтастықтың қазіргі даму қарқынына қанағаттанатындықтарын айтып, ЕҚҚДБ-ның табиғи ресурстар және энергетика секторындағы жобаларын іске асыру, соның ішінде, гендерлік теңдік пен әйелдердің осы сектордағы рөлін арттыру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі мен ЕҚҚДБ арасындағы келісім аясында «Бизнестегі әйел» атты жоба іске асырылып отырғаны атап өтілді. Бүгінде аталған жоба бойынша 7 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне 5,8 млрд теңге көлемінде несие берілді. Қаржыландырумен қатар ЕҚҚДБ ноу-хауды игеруге жол ашады және әйелдер басшылық ететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына басқару тәжірибесі мен технологияларды енгізуге көмектеседі.
Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Н.Паршадты Еуропа қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры лауазымына тағайындалуымен құттықтап, биылғы 31 тамызда ЭКСПО-2017 көреміс аясында өтетін «Әйелдер болашақ энергиясы үшін» атты халықаралық форумға қатысуға шақырды.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру