ОҚО-ға бағытталған инвестиция көлемі 1,6 есеге артты

8 Маусым, 2017 11:13
ОҚО-ға бағытталған инвестиция көлемі 1,6 есеге артты. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жергілікті «Қазақстан-Шымкент» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Облыста биыл алғаш рет жібек шаруашылығы қолға алынды. Өңірге бағытталған инвестиция көлемі 1,6 есеге артты. Елбасы Жолдауында атап айтылғандай ауыл шаруашылығын экономиканың драйверіне айналдыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қазірге 50 мың отбасыны біріктірген 468 аул шаруашылығы кооперативтері құрылды. Тасқын судың алдын-алу әрі егістік алқаптарды суландыру мақсатында өзендердің бойынан 16 су қоймасын жүргізу жоспарлануда. Оған 9,3 млдр. теңге қаралып, нәтижесінде 17 мың алқап суландыру көзделуде. Биыл елді мекендерді газдандыру жіне електр энергиясымен қамту жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылатын болады», - деді әкім.

Бас-аяғы 1,5 сағатқа созылған жүздесуде арнайы мамандардан құралған «Call-орталықта» телефон, электронды пошта, whatsapp желісі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің фейсбуктегі ресми парақшасы арқылы сауалдар келіп, облыс жұртшылығы өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.

Жалпы, бұл күні аймақ басшысымен болған тікелей эфирге өңір тұрғындарынан  жалпы саны 600-ден астам сұрақ жолданды. Санаулы уақыт ішінде келіп түскен сұрақтарға мейлінше жауап берген Ж.Түймебаев тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешуге атсалысатынын жеткізді.

Айта кету қажет, әкіммен сұқбат барысында жауап беріліп үлгерілмеген сауалдардың жауабы алдағы уақытта облыс әкімінің ресми сайтында жарияланатын болады.

 

Барлық жаңалықтар