- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда қылмыстардың ашылуы жақсарды - ІІМ
Қазақстанда қылмыстардың ашылуы жақсарды - ІІМ
"Ішкі істер органдары ұйымдасқан қылмыспен мақсатты бағытталған күрес жүргізуде, қылмыстарды ашу, есірткі бизнесіне, экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдануда, ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» принципін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, көші-қон жағдайларын бақылау, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің басқа да негізгі бағыттары бойынша шаралар қабылдануда", - деп мәлімдеді министр.
Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, кісі зорлау, ұрлық, алаяқтық, кісі тонау және бұзақылық, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы жақсарғаны аталып өтілді.
«Өткен жылдардағы» қылмыстық құқық бұзушылықтардың 5 мыңнан астамы ашылды, оның ішінде 15 кісі өлтіру, 40 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 30 кісі зорлау, 200-ден астам кісі тонау, 30 қарақшылық, 3,6 мың ұрлық, 900 алаяқтық және 200 бұзақылық", - деді Қ.Қасымов.
Сонымен қатар, министрдің мәліметінше, тергеу мен соттан жасырынып жүрген 1,5 мыңнан астам қылмыскер ұсталған.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау үшін құрылған жергілікті полиция қызметі жұмыс істеуде, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету және т.б. ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру бойынша жұмыс одан әрі жалғастырылуда", - деп қосты ол.
Бұдан бөлек, министр Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Жалпы, Ішкі істер органдары министрінің есеп беруі мақұлданды, Қоғамдық кеңес мүшелері Министрлік қызметінің тиімділігін жақсарту бойынша ұсыным берді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды