Сенат депутаттығына 52 кандидат тіркелді

9 Маусым, 2017 09:04
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 16 мандатына ұсынылған 89 үміткердің ішінен 52 кандидатты тіркеді.

«Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 16 мандатына ұсынылған 89 үміткердің ішінен 52   кандидатты тіркеді (салыстыра кетсек,  2014 жылы бұл сан 53 кандидатты құраған)», - делінген хабарламада.

Тіркелген кандидаттардың ішінде 47 (90,7%) ер адам және 5 (9,3%) әйел адам (салыстыра кетсек, 2014 жылы 51 (96,1%) ер адам және 2 (3,9%) әйел адам).

Кәсіп тобы бойынша: 4 (7,7%) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қазіргі депутаттары, 3 (5,8%) мәслихаттардың депутаттары, 15 (28,8%) мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің қызметкерлері; 11 (21,2%) мемлекеттік қызметшілер; 16 (31,8%) коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері; 3 (5,8%) басқалар.

Мамандығы бойынша: дәрігер – 3 (5,8%), инженер - 16 (30,8%); заңгер - 6 (11,5%), саясаттанушы - 1 (1,9%),  оқытушы - 8 (14,8%), экономист - 11 (21,1 %), ауыл шаруашылығы қызметкері - 7 (13,5%), басқалар - 2 (3,8%) адам. Ал көптеген кандидаттардың бірнеше мамандығы бар.

Тіркеу барысында жеке өтініші бойынша 17 кандидат, кірістері мен мүлкі туралы ұсынылған мәліметтердің сәйкес еместігі бойынша – 13 кандидат алып тасталды, 7 үміткерге қажетті құжаттарды ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды.

Кандидаттардың орташа жасы 51,5 жас (салыстыра кетсек,  2014 жылы бұл сан – 54,1 жас болған).

Қазіргі уақытта Ортсайлауком таңдаушыларды электрондық тіркеудің пилоттық жобасын техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды бастады.

«Әзірленген функционалды тестілеу сынақтары келесі аптаға жоспарланып отыр.  Қазіргі сәтте Ортсайлаукомға кандидаттардан екі өтініш келіп түсті, оларға сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіре отырып, жауаптар берілді», - делінген хабарламада.

2017 жылғы 8 маусымнан Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың барлығы 2017 жылғы 27 маусым күнгі 00.00-сағатқа дейін созылатын сайлау алдындағы үгітке кірісу мүмкіндігіне ие.

 

Барлық жаңалықтар