- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Беларусь Президенті А.Лукашенкомен кездесті
Н.Назарбаев Беларусь Президенті А.Лукашенкомен кездесті
Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президентімен кездесу барысында оған Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» дүние жүзілік көрмесінің ашылуына қатысу үшін Қазақстанға келгеніне алғыс айтты.
«Екі жарым жыл ішінде тиісті инфрақұрылымы бар тұтас бір аудан салынды. Көрмеге қатысушылар үшін тұрғын үйлер, қонақ үй кешені, конгресс-хол және осы ауқымды іс-шараны өткізуге қажетті басқа да ғимараттар бой көтерді. Көрмені өткізген соң бұл жерде Астана халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтін болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті халықаралық көрменің негізгі идеясына тоқталып, көрменің басты нысаны – «Нұр Әлем» павильонындағы экспозициялар туралы айтты.
Беларусь Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа халықаралық көрменің ашылуына қатысуға шақырғаны үшін ризашылық білдірді.
«Біз павильондарды аралап көріп қана қоймай, сіздердің экспозициялық кешендер құрылысындағы тәжірибелеріңізді мұқият зерттемекпіз. Өйткені біз де халық шаруашылығы жетістіктері көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», – деді А.Лукашенко.
Сонымен қатар, Беларусь Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихты зерттеуде әділеттілікті қалпына келтіруге жете көңіл бөлетінін атап өтті.
«Сіз бұрынғы лагерьдің орнында «АЛЖИР» музейін ашуға көп күш жұмсадыңыз. Бұл лагерьде бұрынғы Одақтың түкпір-түкпірінен айдалып келген адамдар қамалды. Оның ішінде Беларусиядан келген әйелдер де болды. Бүгін біз бірқатар хаттар мен тағдыры лагерьмен байланысты адамдардың іс қағаздарын ала келдік. Бұл – маңызды құжаттар», – деді А.Лукашенко.
Кездесу соңында мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастарды дамытудың өзекті мәселелерін де талқылады.
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Эксклюзив: Қырғыз республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
ҚР Президенті БҰҰ – ның 75 жылдығында сөз сөйледі -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
ВИДЕО: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі -
ҚР Президентінің 2020 жылғы 29 маусым мен 5 шілде аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу -
Трамп Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтады -
Ел президенті Тоқаев елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі -
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың апталық жұмысына бейне шолу -
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті